Шымкентте жарықдиодты шамдар өндіріледі

Screenshot_21.png

Шымкенттегі «Тассай» индустриалды аймағында орналасқан кәсіпорындардың бірі - «КАЗТЕХНИКАС» ЖШС-ы. Мұнда жарықдиодты шамдар өндіріледі. Шымкентте алғашқылардың бірі болып   диодты жарық шамдар шығаруды қолға алған кәсіпорынға «Бизнестің жол картасы -2020» бағдарламасымен индустриалды аймақтан 1,5 гектар жер бөлінген.

Құны 500 миллион теңгені құрайтын бұл жоба 2020 жылы бастау алып, биыл іске қосылды. Қазір мекемеде 25 қала тұрғыны жұмыс жасайды. Аталған кәсіпорынның жобалық қуаты - жылына 70 мың шам шығаруға қауқарлы. Айтып өтейік, жобаның жалпы құны - 500 млн. теңге. Бүгінде  «КазТехникас» ЖШС жұмыстың тиімділігін арттыруда заманауи технологиялармен жабдықталған. Мұнда жарықтандыру және энергия үнемдеу бағытындағы тиімділігін көрсеткен соңғы үлгідегі заманауи технология қолданылады.

Зауыт жылына 20 мың дана жарықдиодты шам өндіруге қауқарлы. Шамдардың сапасы өндірілгеннен кейін су ішінде 5 минут тұрады да, кейіннен іске қосу арқылы тексеріледі екен. Яғни суға төзімділігі анықталып барып, сатылымға шығарылады.

Сонымен қатар, мұнда темір сөрелер де жасалады екен.Өндіріс орны алдағы уақытта мемлекеттік қолдау арқылы өнім көлемін ұлғайтып, экспортқа шығаруды жоспарлап отыр.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкентте жарықдиодты шамдар өндіріледі
  • «Барыстың» өнімдеріне сұраныс жоғары
  • Бизнес бастауға да білім керек
  • Кәсіпті қалай, неден бастауды үйретеді
  • Шымкентте сапалы есік, терезелер шығарылады