Демеуші есебінен тағы бір спорт алаңшасы ашылды

Screenshot_16.png

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бұқаралық және балалар спортымен айналысудың қолжетімділігін арттыруды тапсырған болатын. Әсіресе бұл іске жеке инвесторларды тарту керектігін баса айтқан болатын. Сәйкесінше үшінші мегаполисте қаражатын бұқаралық және балаларын спорт алаңшаларын салуға құйып жатқан инвесторлардың қатары  артып келеді. Жақында Президент тапсырмасына сәйкес Әл-Фараби ауданында демеуші есебінен 6 спорт алаңша пайдалануға берілді. 

Аудан аумағында ашылған заманауи спорт алаңшалары барлық заманауи стандарттарға сай. Онда  балалардың воркаут аймағы, фитнес, волейбол, баскетбол және кіші футбол ойнауға мүмкіндігі бар.

Бұқаралық спорттың дамуына өз үлесін қосып жүрген Шымкент қаласының  құрметті азаматы Серік Түлбасов жеке қоры есебінен спорт алаңшаларын салып берген.  Айта кетейік, бұған дейін меценаттың қолдауымен шаһарда бес алаңшаның құрылысы толық аяқталып, ел игілігіне пайдалануға берілген болатын. Бүгін 6-шы спорт алаңының ашылу рәсімі Қабанбай батыр көшесі 5 үйдің ауласында өтті. Нысанның ашылу салтанатына меценетқа алғысын жетізген тұрғындар да қатысты. 

Сондай-ақ, халықтың салауатты өмір салтын қалыптастырып,  балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында ауданда жыл соңына дейін бюджет есебінен 25 спорт алаңша халық игілігіне тапсырылатын болады. Шымкент қаласында бұқаралық және балалар спортын дамыту мәселесі қала әкімінің ерекше бақылауында.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Демеуші есебінен тағы бір спорт алаңшасы ашылды
  • Шымкент – лидер по демографическому росту
  • Инвестиции в тепло
  • Шымкентте жарықдиодты шамдар өндіріледі
  • «Барыстың» өнімдеріне сұраныс жоғары