Оқушылар кәсіпкерлік жобаларын ұсынды

Screenshot_19.png

Шымкент қаласы Қаратау ауданына қарасты №103 жалпы орта білім беретін мектебінде «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» пәнінен «Білім алушылардың бизнестегі мүмкіндіктері мен нәтижелері» атты аймақтық семинар өтті. «Атамекен» ҰКП және ҚР Білім және ғылым министрлігінің бастамасымен 2018 жылы бастау алған пилоттық жоба 2019 оқу жылынан бастап еліміздің жалпы білім беретін мектептеріне 10-11 сыныптар үшін «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» пәні енгізілген болатын. Міне, сол уақыттан бері осы пән вариативті курс ретінде жүргізіліп жатыр.

Өткізілген семинардың басты мақсаты кәсіпкерлік және бизнес негіздері курсынан бизнестегі мүмкіндіктер мен нәтижелер жайлы ақпарат алу, тәжірибе алмасу дейді мамандар.

Семинарда мектеп мұғалімі Ләззат  Досанова білім алушыларға жетістікке жетуге қалай бағыт – бағдар беріп жатқандығын жіктеп  көрсетіп, өз жетістіктерімен бөлісу мақсатында оқушыларға жобаларын таныстыруды ұсынды. Семинар барысында Ақерке Бөгембай «Кондитерлік өнімдер» жобасын ұсынса, Олжас Серіков «Безендіру қызметі», ал Бекарыс Әлиасқар«Құс фермасы» жобасын жиынға қатысушыларға таныстырды. Бұдан бөлек, Т. Рысқұлов атындағы  №25 мектеп-гимназиясының  оқутышысы Сулейменова Мадина «OZGERIS» жобасына  қатысқан  оқушыларының нәтижелерін ұсынды.

Өз кезегінде ұстаздар мамандар оқушыларға, мүмкін болашақ кәсіпкерлерге тың ақпараттар беріп, кеңестерін ұсынды. 


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Оқушылар кәсіпкерлік жобаларын ұсынды
  • Үздік кәсіпорындар анықталды
  • Демеуші есебінен тағы бір спорт алаңшасы ашылды
  • Шымкент – лидер по демографическому росту
  • Инвестиции в тепло