Қағаз және картон өндіретін кәсіпорын ашылады

Screenshot_4.png

Қағаз бен қағаз өнімдері өндірісінің басым бөлігін картон-қағаз өнеркәсібі құрайды. Қазақстан орманға бай емес. Қазіргі уақытта картон-қағаз өндіретін өнеркәсіптер шикізат ретінде қайта өңделген қағаз бен картондық макулатураны қолданады.

Статистикалық мәліметтерге сүйенетін болсақ

2015-2019 жылдары қағаз бен қағаз өнімдері өндірісі айтарлықтай артқан. Өндіріс көлемі 45 млрд теңгеден 66,8 млрд теңгеге өскен. Көңіл аударарлық бір қызық дерек бар. Қазақстандағы қағаз өңдеуші кәсіпорындардың дені дәретхана қаға­зын көптеп шы­ғарады. Яғни, сұраныс көп. Қағаздың осы түрінің өндірісі бір жылда 30%-ға өсіпті. Бұдан бө­лек, гигиеналық қағаз сүл­гілерді шы­ғару 14%-ға ұл­ғай­ған.

Біздегі қағаз өндірісінің 80%-ы негізгі төрт өңірге тие­сілі: Алматы облысы (20,8 млрд теңге, 31,2%), Алматы қа­ласы (17,5 млрд теңге, 26,2%) ШҚО (8,3 млрд теңге, 12,4%) және Шымкент қа­ласы (7,6 млрд теңге, 11,4%). Бұл қағаз және картон өндірісі бүгінде инновациялық жобаларды қолға алып, түрлі кәсіпорындар көптен ашылып жатқан үшінші мегаполисте де дамып келеді деген сөз.  

Келесі жылы Шымкент қаласында қағаз және картон өндіретін тағы бір кәсіпорынның лентасы қиылмақ. "Оңтүстік" арнайы экономикалық аймақта жүзеге асқалы жатқан жобаның құны 1060 миллион теңгені құрайды. Кәсіпорынның аумағы 5,8 га. Өндіріс орны ашылған кезде 25 адамды тұрақты жұмыспен қамтымақ. Кәсіпорын өнімдерін жергілікті және шетелдік нарыққа шығаруды жоспарлап отыр. 


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қағаз және картон өндіретін кәсіпорын ашылады
  • Балалар аналарына хат жазды
  • Суретшімен сырласу
  • Ұлттық мәдени орталықтар күні аталып өтті
  • Егемендік оңай келген жоқ