Кәсіпорын ұлғайтылмақ

Screenshot_7.png

Үшінші мегаполистегі «KazBioLife» ЖШС - бұл оңтүстік аймақта макулатурадан жасалған қағаз бен үш және бес қабатты гофр картон өндіретін жаңа технологияға ие жалғыз зауыт. Бұл зауыттың жабдықтары кез-келген көлемдегі орауға арналған бес түсті флексографиялық басып шығаруды қолдану мүмкіндігіне ие.

Талай жобаны қанаттандырған «Бизнестің жол картасы – 2020» мемлекеттік бағдарламасы негізінде іске асқан зауыт «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағында орналасқан. Жобаның жалпы құны 650 млн. теңгені құрап, «Максимум» аймақтық инвестициялық орталығы арқылы қаржыландырылған. Мұнда бүгінде 60 адам жұмыспен қамтылып отыр.Кәсіпорын өндіріске қажетті шикізатты Ресейден, Алматыдан алдырып, жылына 63 млн. шаршы метр картон шығару мүмкіндігіне ие. Сұранысы қарапайым өнім болғанымен, сұраныс өте жоғары. Тауардың өтімділігі артуда.Қаладан бөлек Түркістан, Қызылорда, Жамбыл облыстарына сұраныс көп дейді зауыт басшылығы.  

 Осы ретте айта кетейік, келесі жылы «KazBioLife» ЖШС-ның өндіріс көлемі ұлғаймақ. Яғни екінші жоба қолға алынуда. Жоба құны 1300 миллион теңгені құрайды. 


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Кәсіпорын ұлғайтылмақ
  • Арнайы киімдерге сұраныс жоғары
  • Қағаз және картон өндіретін кәсіпорын ашылады
  • Балалар аналарына хат жазды
  • Суретшімен сырласу