Шымкент тұрғындарынан екі келіден астам марихуана тәркіленді

00001.jpg

Түркістан облысы әкімінің есірткі биснесінің алдын алу және есірткіқұмарлықты болдырмау туралы тапсырмасы тәртіп сақшылары жүзеге асырып келеді. Полицейлер Шымкент қаласының тұрғындарынан синтетикалық есірткі мен 2 келіден астам марихуана тәркіледі.

"Көкнар-2020" жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Түлкібас ауданы Келте-Машат автожолында Түркістан облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы мен патрульдік полиция батальонының қызметкерлері "ВАЗ-21099" автокөлігін тоқтатып, тексерді. Жедел уәкілдер автокөлікті тінту кезінде есірткі заттары салынған полиэтилен пакеттерін тәркіледі. Ал, автокөліктің жүк салғышынан марихуана салынған қап алынды.

Сарапшылардың қорытындысына сәйкес, полиэтилен пакеттерде жалпы салмағы 1,5 грамм болатын синтетикалық есірткі сақталған. Ал өсімдік түптері, құрамында есірткі заты бар салмағы 2 кг-нан асатын "кептірілген марихуана" болып шықты. 

Сондай-ақ Сайрам ауданында синтетикалық есірткіні сатпақ болған тағы бір Шымкент қаласының тұрғыны ұсталды. Күдіктіден жедел уәкілдер салмағы 3 граммға жуық синтетикалық есірткі салынған 4 орама (пакетик) тәркіледі.

Аталған екі жайт бойынша күдіктілер мегаполис тұрғындары болып шықты, олардың біреуі бұрын сотты болған. Олар қамауға алынды. Ұсталғандардың біріне қатысты ҚР ҚК-нің 296-бабы "Өткізу мақсатынсыз есірткі, психотроптық заттармен, олардың аналогтарымен заңсыз жұмыс істеу" бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде, ал екіншісі ҚР ҚК-нің 297-бабымен "Есірткі құралдарын өткізу мақсатында заңсыз дайындау, өңдеу, сақтау, тасымалдау, жөнелту немесе сату» тіркеліп, қылмыстық жауапкершілікке тартылуда.

Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері азаматтарды есірткіге байланысты қылмыс жасаудан сақ болуға, сондай-ақ денсаулыққа зиян келтіретін зиянды әдеттерден бас тартуға кеңес береді. Тәртіп сақшылары тұрғындарды спортпен шұғылдануға және салауатты өмір салтын ұстануға шақырады.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Үш күнде анықталған 12 мас жүргізуші 7 жыл көлік басқару құқығынан айырылды
  • Жас жігітті ұрған бұзақы ұсталды
  • Көліктерден ақша ұрлап, істі болды
  • Полиция құрылыс құралдарын ұрлаған күдіктіні ұстады
  • Полицейлер кезекті мас жүргізушіні ұстады