Карантин талаптарын бұзудың 300-ден астам жайтын анықтады

017.jpg

Түркістан облысы әкімдігінің өңірдің бас санитарлық дәрігерінің карантин талаптарын сақтауға қатысты қаулысын бұзғандарды жауапқа тарту туралы тапсырмасын арнайы құрылған мобильді топтар жүзеге асырып келеді. Олар Мақтаарал ауданында карантин талаптарын бұзудың 300-ден астам жайтын анықтады.

Мақтаарал ауданында құрамында құық қорғау органдарының қызметкерлері де бар мобильдік топтар рейдтік ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілуде 3000-ға жуық нысан тексеруден өткізді. Осындай кезекті тексеріс кезінде карантин талаптарын сақтамаған 668 нысан иелерін анықталып, ескерту берілді. Тәртіп сақшылары маусым, шілде, тамыз айларында ауданда карантин талаптарын бұзудың 350-ге жуық жайтын тіркеп, заңды шешім қабылдау үшін СЭС-ке жолданды.
Сонымен қатар, ҚР ӘҚБтК-нің 364-бабы бойынша белгіленбеген орындарда суға шомылып тәртіп бұзғандар үшін 1195 хаттама толтырылды.

Мақтааралдық полиция қызметкерлері тұрғындарға әлі де қатаң түрде ескертеді: карантин талаптарын ұстаңыздар. Бетперде тағып жүріңіздер. Маңызды жұмыстарыңыз болмаса үйден шықпаңыздар. Балаларыңыздың денсаулығына мән беріңіздер деп кеңес береді.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Үш күнде анықталған 12 мас жүргізуші 7 жыл көлік басқару құқығынан айырылды
  • Жас жігітті ұрған бұзақы ұсталды
  • Көліктерден ақша ұрлап, істі болды
  • Полиция құрылыс құралдарын ұрлаған күдіктіні ұстады
  • Полицейлер кезекті мас жүргізушіні ұстады