Әйелін балталап, 11 жылға сотталды

025.jpg Түркістан облысы әкімінің тұрғындардың құқықтарын қорғаумен қатар олардың қауіпсіздігін басты назарда ұстау туралы тапсырмасын тәртіп сақшылары тиісті деңгейде атқарып келеді. Соның бірі –әйелінің өміріне қауіп төндірген кісі полицияның араласуымен 11 жылға сотталды.

Келес аудандық полиция бөлімінің кезекшілік нөміріне биыл 27 наурызда учаскелік полиция инспекторынан хабарлама келіп түседі. Онда таңғы сағат 9:40-та аудан көшелерінің бірінде белгісіз әйелдің жарақаттанып жатқаны айтылады. Хабарлама түсе салысымен келестік сақшылардан жедел-тергеу тобы құрылып, оқиға орын алған аймаққа аттанады. Полицейлер бірден істі ашуға бағытталған тексеру шараларына кірісіп, сол аумақты тыңғылықты тексерді. Куәгерлерден сұрақ-жауаптар алды. Сонымен қатар оқиға болған орыннан айғақты зат ретінде балта тәркіленді.
Ауыр жарақат алған әйел денсаулығына байланысты шағымдана алмағаннан соң, жәбірленушінің әпкесі полиция бөліміне келіп арызданды. Арызды полицейлер ҚР ҚК-нің 24-99-бабы «Адам өлтiруге оқталу» бойынша СДТБТ-ға тіркейді де, тергеу жүргізіледі.
Жедел іздестіру шараларының нәтижесінде, күдікті ретінде зардап шеккен әйелдің күйеуі 2-3 сағат ішінде аудан көшелерінің бірінен ұсталды. Тергеу барысында белгілі болғандай, күдікті мен әйелінің арасында отбасылық жанжал болған және ерлі
-зайыптылар арасындағы кикілжіңнің туындауы алғаш рет емес. Бұған дейін де бірнеше рет қайталанған. Ал дәл осы жайт кезінде күйеуі әйелді ұрып соғып, артынан балтасын алып жүгірген. Зәресі ұшқан әйел қорыққанынан қаша жөнеледі, алайда күйеуі артынан жетіп, қолындағы балтасымен өз әйелін аяусыз ұрып соққан. Бүгінгі таңда зардап шеккен әйел емханаға қаралып, тиісті отасы жасалды. Алайда бетіне тиген балтаның салдарынан бір көзі қатты зақымданып, бір жағынан бас жарақатын да алған.
Қазіргі уақытта әйелдің жағдайы бір қалыпты, Шымкент қаласындағы туыстарының үйінде. Емханаға жатып, тағы да ота жасатуға дайындалуда. Осылайша Түркістан облысы Полиция департаменті Келес аудандық полиция бөлімінің тергеушілері күйеуінің соққысынан ауыр жарақаттанған әйелдің ісін тергеп-тексеріп, тиісті дәлелдемелерді жинақтап, істі сотқа жолдады.
Өз кезегінде Түркістан облыстық сотының шешімімен күдікті 11 жыл 3 айға бас бостандығынан айырылды. Өмірлік жары болған әйелдің, балаларының анасының өміріне қауіп төндіргені үшін 11 жылын темір тордың арғы жағында өткізетін болады.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Үш күнде анықталған 12 мас жүргізуші 7 жыл көлік басқару құқығынан айырылды
  • Жас жігітті ұрған бұзақы ұсталды
  • Көліктерден ақша ұрлап, істі болды
  • Полиция құрылыс құралдарын ұрлаған күдіктіні ұстады
  • Полицейлер кезекті мас жүргізушіні ұстады