Мектептің шатырына шыққан тұрғынды дер кезінде құтқарды

063.jpg

Түркістан облысы әкімінің тұрғындар қауіпсіздігін басты назарда ұстау туралы тапсырмасын бұлжытпай орындаған сарыағаштық полицейлер шатырға шығып кеткен науқасты аман алып қалды. 
Сарыағаш аудандық Полиция бөліміне жергілікті тұрғындардан Сарыағаш қаласында орналасқан мектептің бірінің шатырына белгісіз азаматтың шығып алып, түспей жатқаны жөнінде хабарлама келіп түсті. Ақпарат алысымен Жергілікті полиция қызметінің учаскелік полиция инспекторлары – полиция капитаны Мұрат Төлегенов пен полиция капитаны Қуаныш Серікбаев оқиға орнына жерге жетті.
Жедел жеткен полицейлер тұрғынды қауіпсіз жерге түсірудің жолдарын қарастырды. Полиция капитаны Мұрат Төлегенов жылдам әрекет етіп, мектептің шатырына шығады. Осылайша Мұрат ер азаматтың қарсылық танытқанына қарамастан, оны аман-есен төменге түсірді. 
Тергеу барысында анықталғандай, туыс ағалары оны емге алып бара жатқан. Осы сәтте 34 жастағы ер адам, ағаларына бағынбай көліктен шығып, қаша жөнелген. Содан бірінші үйдің шатырына мініп, одан кейін оның жанындағы мектептің шатырына шыққаны белгілі болды. 
Өз кезегінде қызметтік міндеттерін жоғары деңгейде атқарып, адам өмірін сақтап қалған полицейлерге туыстары алғыстарын жеткізді. 
«Полиция қызметкерінің де өміріне қауіп төнді. Бірақ ол соған қарамастан біздің жақынымызды құтқарып қалды. Жоғарыға шығып, денсаулығы жоқ бауырымызды, қарсылығына қарамастан амандықпен бізбен қауыштырды. Үлкен алғысымызды айтамыз. Оның да отбасы бар шығар, балалары аман болсын. Рахмет", - деп атап өтті.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Үш күнде анықталған 12 мас жүргізуші 7 жыл көлік басқару құқығынан айырылды
  • Жас жігітті ұрған бұзақы ұсталды
  • Көліктерден ақша ұрлап, істі болды
  • Полиция құрылыс құралдарын ұрлаған күдіктіні ұстады
  • Полицейлер кезекті мас жүргізушіні ұстады