Атырауда газ құю стансасында көлік жарылды

Атырау облысында газ құю станциясының жанында өрт салдарынан көлік жарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

200711135503538e.jpg

Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, оқыс оқиға Мақат ауданында кеше болған. 

«Департаменттің диспетчерлік пультіне 10 шілдеде сағат 21:40-та «УАЗ» көлігінің өртенгені туралы хабар түсті. «Доссор-Атырау» тас жолының шыға берісінде орналасқан «Промгаз» газ құю стансасының қасында 2007 жылы шыққан автокөлік өртенді. Өрт кезінде көлік жарылды», - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі. Жалынды сөндіруге «Семсер» және Мақат аудандық №8 өрт сөндіру бөлімінің 10 қызметкері мен 2 техникасы жұмылдырылды. Өрттен зардап шеккендер жоқ. 

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырауда дәмхана түгі қалмай жанып кеткен еді.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қазақстанда коронавирус пен пневмониядан тағы 26 адам қайтыс болды
  • Мектептердегі компьютерлер балаларға уақытша пайдалануға беріліп жатыр
  • Елімізде бір тәулікте коронавирустан 15, пневмониядан 11 адам көз жұмды
  • Елбасы маңызды үндеу жариялады (үндеу)
  • Қазақстанда коронавирус пен пневмониядан тағы 20 адам қайтыс болды