Фокус топтар зерттеу жүргізді

9.jpg

Сарыағаш ауданы Қабланбек ауылдық округі, №13 "Мәңгілік ел" жалпы орта мектебінде ауыл тұрғындары арасында фокус топтық зерттеу жүргізілді. Фокус топтық зерттеуді Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ этносаралық қатынастар саласының мониторингі және ақпараттық-насихаттық жұмыстарды ұйымдастыру бөлімінің басшысы Исақов Хамид Рахматуллаұлы жүргізді. 

Аталған зерттеу жұмыстары жастар қозғалысын дамыту басымдықтарына, радикалдық идеялардың таралуына, мемлекеттік құрылымдарға деген сенім деңгейіне, наразылық көңіл-күй деңгейіне қатысты болды. 

Кездесуге Қабланбек ауылдық округі ақсақалдары және ауыл жастарымен мектеп мұғалімдері қатысып, этнос өкілдерінің әскери қызметтерін өтеуге, жоғары және арнаулы орта оқу орындарына түсуге, патриоттық бағытта  қойылған сұрақтарға тұщымды жауаптар беріп, белсенділік танытты.

Фокус-топтар әдісі - XX ғасырдың алпысыншы соңында пайда болған саяси әлеуметтану ғылымының сапалық әдісі. Қазіргі кезде маркетингтік зерттеулерде кеңінен қолданылуда. Саяси әлеуметтануда қандай да бір оқиғаға сараптамалық баға беру қажет жағдайда қолданылады.  Мәні жағынан фокус топтар - талқыланып отырған сала бойынша сарапшы болып танатын адамдардан сұхбат алу. Кез келген сұхбат түрі сияқты мұнда да, алдын ала жоспар құрып, пікір алмасуға қажетті сұрақтарды әзірлеп алу қажет. Бүл әдіс фокус-топ модераторының суырып салмалығына жол береді. Фокус-топтық зерттеулер мақсаты қандай да бір мәселе бойынша пікір алуандығын анықтау болып табылатын бірнеше пікір алмасудан тұрады.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Биыл 25 мектеп салынды
  • «Агроиндустриалды аймақта» 20 жоба жүзеге асады
  • Екпе алу -өзіңді де өзгені де қорғау
  • 139 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды
  • Қоғамдық көлік жүргізушілері оқу курсынан өтті