Шағын және орта кәсіпкерлік субьектілері артып келеді

Үшінші мегаполисте мемлекеттік қолдаулардың нәтижесінде кәсіпкерлік саласы қарқынды дамып келеді.  Айталық  қалада бүгінгі таңда шағын және орта кәсіпкерліктің негізгі көрсеткіштері бойынша оң өсім бар. Мамандардың дерегінше ағымдағы жылдың 9 айының қорытындысы бойынша қалада тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілер саны 87 076 бірлікті құрап отыр: оның ішінде жұмыс істеп тұрған субъектілер саны – 72 681.

Сонымен қатар биылғы жылы кәсіпкерлікті қолдау нәтижесінде кәсіпкерлік субьектілер санының өсімі байқалады. Жылдың соңына дейін жұмыс істеп тұрған субьектілер санын 74,0 мың бірлікке жеткізу жоспарлануда дейді салаға жауаптылар.

Статистикалық деректерге сүйенсек шағын және орта кәсіпкерлікте жұмыспен қамтылғандар саны 168 мың адамға жеткен. Бұл көрсеткіш өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 104,4 %-ға артып отыр.

Сондай-ақ шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерімен шығарылған өнім көлемі биылғы екінші тоқсандағы жағдай бойынша 645,5 млрд теңгені құрайды. Бұл көрсеткіш  өткен  жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 149,8 %-ға артқан. Шағын және орта кәсіпкерліктің әрі қарай дамуы және бекітілген индикаторлардың орындалуы қолданыстағы мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылуы арқылы қол жеткізілетін болады. 

Айта кетейік, Шымқалада азаматтарды, әсіресе жастарды кәсіпке баулу мақсатында түрлі қолдаулар мен шаралар атқарылып келеді.  


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шағын және орта кәсіпкерлік субьектілері артып келеді
  • Жаңа демалыс орны ашылды
  • «VISIT SHYMKENT» биыл 100-ден аса экскурсия ұйымдастырды
  • Шымқалаға татарстандық делегаттар келді
  • Шаһар басшысы АҚШ-тың бас консулымен кездесті