Тазарту жұмыстарына оң бағасын берді

Screenshot_36.jpg

Төле би  ауданы әкімдігінің конференц залында аудан әкімі Бауыржан Омарбековтің төрағалығымен кезекті аппарат жиыны өтті. Жиынға аудан әкімінің орынбасарлары, аппарат басшысы, қала, ауылдық округ әкімдері, дербес бөлім басшылары мен мекеме басшылары қатысты.

Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі мамандарының мәліметінше күн тәртібінде Ленгір қаласының санитарлық тазалығын қамтамасыз ету мақсатында 13 секторда тиісті жұмыстардың орындалуы туралы Ленгір қаласының әкімі Әділбеков Болат баяндама жасады.

Болат Сүйіндікұлының мәліметіне сәйкес күнделікті секторларда атқарылатын жұмыстардың жоспары жасалып, әр сектор аумағындағы тұрғындармен кездесулер ұйымдастырылған. Бөлім қызметкерлері тарапынан әрбір көшеге жауапты мамандар бекітіліп, үгіт топтары бірқатар орын алатын жұмыстар жайлы түсіндіріп өткен.

Айта кетсек белгіленген аймақтар бойынша жақсы жұмыс жасаған 4 секторға жауапты аудандық денешынықтыру және спорт бөлімі сенбілік барысында 52 ағашты бұтап, 110 ағаштың түптерін әктеген. Сондай-ақ, Ленгерка өзенінің бойын тазартып, 11 тонна қоқыс шығарған.

Сонымен қатар, атқарған жұмыстарына оң баға алған 11 секторға жауапты аудандық ішкі саясат бөлімі де өзіне бөліп берген 11 секторда 7 шақырымды құрайтын жол бойындағы тікендерді шауып, 125 электр желісі бағаналарын әктеген. Бөлім тарапынан 162 үйге санитарлық тазалық жұмыстарын жүргізу туралы ескертулер беріп, 46 үйдің қасбеттерін әктеу, сырлау, ауласын тазалау жұмыстарын жүргізген.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Облыста ішкі туризм дамуда
  • Ордабасы ауданында сауықтыру туризмі дамиды
  • Ясауи кесенесі 200-ге жуық шаммен жарықтандырылады
  • Түркістан облысында 1200 басқа арналған жаңа сүт фермасы салынып жатыр
  • Түркістан облысында 134 өзен – көлде балық өсіріледі