Басшылар ашық қызметке кірісті

Screenshot_5.jpg 

Сарыағаш ауданындағы ауылдық округтерде «Ashyq Turkistan» жобасы аясында қоғамдық қабылдаулар өткізілуде. Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі мамандарының хабарлауынша Елбасы жолдауы аясында, Агенттіктің бастамасымен өңірімізде «Түркістан-адалдық алаңы» жобалық кеңсесі өз жұмысын жүргізуде.

Жобалық кеңсенің негізгі мақсаты – тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты жою, мемлекеттік мекемелерде ашықтықты қамтамасыз ету, қоғамның билік институттарына сенімін жоғарылату, жалпы жең ұшына жалғасқан сыбайлас жемқорлықтың тамырына балта шабу, халықты жемқорлық қасиетіне төзбеушілікке үйрету. 

Бұл күні сондай-ақ, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында және Сарыағаш ауданында «Адал жолды таңдаймыз» атты марафон-эстафетасы аясында спорттық іс-шаралар болып өтті. «Рухани келісім» күніне орайластырылған шараға Сарыағаш ауданы мен қала әкімдігі, ауылдық округ әкімдіктерінің қызметкерлері мен Сарыағаш ауданы имамдары қатысып, арқан тарту, қол күрес, футбол ойындарынан өзара бақ сынасты.

Жоғарыдағының негізінде, жобалық кеңсе тарапынан «Ashyq Turkistan» жобасын облысымыздың барлық аудандарында, аудандарға қарасты барлық ауылдық округтерде еңгізу ұсынылған болатын. Жобаны, ережеге сәйкес әр айдың 3 жұмасы облыстағы барлық ауылдық округтерде өткізу жоспарланған. 

Аталған жоба Агенттіктің төрағасы және облыс әкімі тарапынан жоғары бағаланып, қазіргі таңда Республиканың барлық өңірлерінде жүзеге асуда.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Облыста ішкі туризм дамуда
  • Ордабасы ауданында сауықтыру туризмі дамиды
  • Ясауи кесенесі 200-ге жуық шаммен жарықтандырылады
  • Түркістан облысында 1200 басқа арналған жаңа сүт фермасы салынып жатыр
  • Түркістан облысында 134 өзен – көлде балық өсіріледі