Арыста «ALTYN KÚZ – 2019» спорттық сайысы өтті

5dca42dba6350.jpg

Арыс қаласында Түркістан облысы ауыл шаруашылығы басқармасының ұйымдастыруымен бұқаралық және ұлттық спорт түрлерін дамытутұрғындар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында «ALTYN KÚZ – 2019» облыстық спорттық сайысы өттіБұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.  Шараға Түркістан облысы мен аудан және қалалардың ауыл шаруашылығы саласында еңбек етіп жүрген 400-ге жуық мемлекеттік қызметкер қатысты.

Облыстық және ауданқалалардың ауыл шаруашылығы саласының қызметкерлерінен құралған 21 команда кіші футбол, арқан тартыс және волейбол сынды командалық ойындардан сынға түсті.

Тартысты додада Волейболдан І орынды облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы, ІІ орынды Созақ ауданы, ІІІ орынды Арыс қаласы иеленді. Арқан тартыстан І орынды Арыс қаласы, ІІ орынды Созақ ауданы, ІІІ орынды Мақтарал ауданы жеңіп алды. Кіші футболдан І орынды Жетісай ауданы, ІІ орынды облыстық ветеринариялық лабороториясы, ІІІ орынды Сайрам ауданы ие болды.

Жеңімпаз және жүлдегер командалар Түркістан облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының дипломдарымен және кубоктармен марапатталды.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Облыста ішкі туризм дамуда
  • Ордабасы ауданында сауықтыру туризмі дамиды
  • Ясауи кесенесі 200-ге жуық шаммен жарықтандырылады
  • Түркістан облысында 1200 басқа арналған жаңа сүт фермасы салынып жатыр
  • Түркістан облысында 134 өзен – көлде балық өсіріледі