Төле би ауданында Абай аллеясы салынуда

Screenshot_16.jpg

Тұңғыш Президент Н.Назарбаевтың "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" бағдарламасының "Туған жер" арнайы жобасы аясында Түркістан облысы Төлеби ауданында Абай аллеясы салынуда. Абайдың 175 жылдығына орай аллеяда ақынның еңселі ескерткіші орнатылатын болады. Демеушілер қолдауымен бой көтеретін мүсіннің биіктігі - 3 метр, тұғыры - 2 метр құрайды. Жаңа аллея Ленгір қаласындағы Әйтеке би көшесінің бойында орналасқан. Жобаның құрылыс жұмыстарын мердігер мекеме "Шұғыла-2002" ЖШС жүргізеді. Айта кетерлігі, мұнда балалар үшін ойын алаңшалары мен спортпен шұғылдануға арналған құрылғылар орнату жоспарланып отыр. Құрылыс жұмыстары толықтай аяқталған соң саябақты көгалдандыру жұмыстары да қолға алынбақ.

Естеріңізге сала кетейік, "Туған жер" арнайы жобасының мақсаты - қайырымдылық мәдениетін дамыту, шынайы патриотизм сезімін тәрбиелеу, азаматтарды туған өлкенің дамуына тарту, сондай-ақ, әлеуметтік мәселелерді шешу болып табылады.

  Әрине ұлы Абайды ұлықтау ескерткішпен өлшенбесі хақ. Дегенмен бұл жоба Абайдың тұлғасын  жастарға танытуға зор мүмкіндік. Ауданда ақынның мерейтойына арналған одан өзге де дайындық жұмыстары жүргізілуде. 


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Облыста ішкі туризм дамуда
  • Ордабасы ауданында сауықтыру туризмі дамиды
  • Ясауи кесенесі 200-ге жуық шаммен жарықтандырылады
  • Түркістан облысында 1200 басқа арналған жаңа сүт фермасы салынып жатыр
  • Түркістан облысында 134 өзен – көлде балық өсіріледі