Рухани келісім күні атап өтілді

10.jpg

Сарыағаш ауданы ішкі саясат бөлімінің ұйымдастырумен "18 – қазан Рухани келісім күні" аталып өтті. Бұл туралы Сарыағаш ауданы баспасөз қызметі хабарлады. 

Мерекелік іс шарада Сарыағаш ауданы әкімінің орынбасары Н.Талипов ауданымыздың рухани дамуына үлес қосуда белсенділік көрсетіп жүрген имамдарға аудан әкімі М.Отаршиевтің алғыс хаттарын табыстады.

Іс-шараның жалғасы аудан имамдары арасында татулықты нығайту, салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында «Рухани келісім – бейбітшілік кепілі» атты спорттың кіші футбол түрінен сайыс өтті. Сайыс қорытындысы бойынша, «Барыс» командасы 1-орын, «Сарыағаш» командасы 2-орын еншілесе, «Ақжол» командасы 3-орынмен көзге түсті. Жүлделі орын алғандар арнайы кубокпен, бағалы сыйлықтармен марапатталды.

18 қазан – Рухани келісім күні. Бұл дата Қазақстанда дүниежүзілік деңгейдегі теңдессіз оқиға – рухани келісімнің алғашқы әлемдік конгресі өткен 1992 жылдан бастау алады. Алматыда барлық діндердің өкілдері, белгілі ғалымдар мен мәдениет қайраткерлері бас қосып, манифест қабылдап, 18 қазанды Рухани келісім күні деп жариялауға шақырды. Көпұлтты еліміз үшін бұл күннің маңызы зор.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Биыл 25 мектеп салынды
  • «Агроиндустриалды аймақта» 20 жоба жүзеге асады
  • Екпе алу -өзіңді де өзгені де қорғау
  • 139 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды
  • Қоғамдық көлік жүргізушілері оқу курсынан өтті