Қарияларға деген қамқорлықпен...

Screenshot_8.jpg

Шардара аудандық орталық ауруханасында  65 жастан асқан тұрғындарға арналған Ашық есік күні өтті. Елімізде денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» бағдарламасы аясында ұйымдастырылған шараның басты мақсаты – халық денсаулығын жақсарту, аурудың алдын алу, әлеуметтік маңызы бар қант диабеті, артериальды гипертония, туберкулез, көзге көрінетін онкологиялық сырқаттарды ерте анықтау. Сонымен қатар, азаматтардың қосымша шағымы бойынша бейінді мамандардың кеңестері берілді. 

Келген тұрғындар терапевт, кардиолог, уролог, дерматолог, эндокринолог, хирург, гинеколог сияқты білікті мамандардан тегін кеңес алды. Сонымен қатар, ерлер мен әйелдер кабинеті, УДЗ, ЭКГ, лаборатория, рентген, маммография кабинеттері қызмет көрсетті. 

Ашық есік күнінде салауатты өмір салтын қалыптастыру дәрігері, психолог, әлеуметтік қызметкер мамандары тұрғындар арасында «Дұрыс тамақтану», «Кезексіз емхана», «Даму мед мобильді бағдарламасы», «Салауатты өмір сүру» және тағы басқа да тақырыптар бойынша үнпарақшалар, буклеттер тарқатып, санитарлық ағарту жұмыстарын жүргізді. 

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Облыста ішкі туризм дамуда
  • Ордабасы ауданында сауықтыру туризмі дамиды
  • Ясауи кесенесі 200-ге жуық шаммен жарықтандырылады
  • Түркістан облысында 1200 басқа арналған жаңа сүт фермасы салынып жатыр
  • Түркістан облысында 134 өзен – көлде балық өсіріледі