«ҚазМедПрибордың» құрылғыларына тапсырыс көбейген

Screenshot_8.jpg

«ҚазМедПрибор» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі биыл 120 мың литрден астам дезинфекциялық заттар, 6 мыңнан астам медициналық жиһаз бен 25 жедел жәрдем көлігін жасап шығарды. Мекемеде қазір 100-ге тарта қызметкер жұмыс істейді. Шымкент қаласында орналасқан «ҚазМедПрибор» ЖШС-і 2005 жылы ашылған, медициналық құрал-жабдықтар, медициналық жиһаздар мен медициналық көліктер шығаратын Қазақстандағы бірегей кәсіпорын.

Кәсіпорын өнім көлемін жылдағыға қарағанда биыл 37 пайызға дейін көбейтіп отыр. Отандық медициналық жабдықтарға тіпті, шетелдерден де сұраныс көп түсуде. «ҚазМедПрибор» ЖШС өкілі Қаныбек Қанатбекұлының айтуынша медициналық аппаратты шығаруға Америка және Жапония өкілдері серіктес болуда. Қазір кәсіпорынның күніне 20 құрылғы жасауға мүмкіндігі бар. Алғашқы 100 құрылғы Шымкент қаласына орнатылған.

Өкпеге жасанды тыныс беру аппараты – қауіпті инфекцияға шалдыққан науқастарды емдеуге арналған негізгі құрылғылардың бірі. Коронавируспен күресте мұндай аса қажетті ИВЛ аппаратын дайындап шығаруда «Қазмедприбор» компаниясы қарқынды жұмыс істеуде.

Кәсіпорынға Шығыс Қазақстан және Батыс Қазақстан облыстары мен еліміздің өзге де қалалардан медициналық жиһаздар мен өкпеге жасанды тыныс беру аппараттарын жасауға тапсырыс түскен. Бұған қоса компания Қырғызстан және Өзбекстан елінен түскен сұраныс бойынша 50 ИВЛ құрылғысын нарыққа шығармақ.

–Компания тәулігіне 15-20 құрылғы шығаруға мүмкіндігі бар. Мұндай құрылғыларды ғана емес, сонымен қатар медициналық жабдықтар мен аксессуарлардың 300-ге жуық түрін шығарады. Былтыр қыркүйек айының соңында компанияға Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев келіп, біздің өнімдеріміздің сапасымен танысты. Сондай-ақ, отандық өнімнің қазақстандық нарықтағы маңыздылығын атап өтті. Алдағы уақытта отандық нарықтағы өндіріс көлемін одан әрі арттыра береміз, – дейді «Қазмедприбор» ЖШС өкілі Қаныбек Қанатбекұлы.

«Қазмедприбор» компаниясы қазір айына 150-ден аса медициналық жабдықты дайындап шығаруда.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Гостей Шымкента обслуживают семь туристских киосков
  • В Шымкенте развивают кемпинг-туризм
  • У туристов Шымкента появится свой Тоlem
  • Мировая пандемия дала шанс развитию внутреннего туризма
  • Шымкент может стать центром медицинского туризма