Түркістанда туризм университеті бар

Түркістан қаласында ҚР Мәдениет және спорт министрлігі жанынан Халықаралық туризм және меймандостық университеті құрылды.

image.png

Бұл оқу ордасы Елбасының бастамасы негізінде Мемлекет басшысының тапсырмасымен ашылған. Қазақстандағы халықаралық деңгейдегі тұңғыш университет туризм саласындағы әлемдік деңгейдегі мамандар дайындайтын болады. Туристік бизнестің нақты қажеттілігі ескерілген университеттің 4 жылдық білім беру бағдарламасының нәтижесінде түлектер халықаралық үлгідегі екі диплом алады. Бұл олардың әлемнің кез-келген жерінде өз мамандығы бойынша еш кедергісіз жұмыс істеуіне мүмкіндік береді. Онда отандық және шетелдік профессорлар, ғылым докторлары мен туризм және сервис саласындағы алдыңғы қатарлы ірі компаниялардың ТОП-менеджерлері дәріс оқиды. Сондай-ақ, түлектер тәжірибесін БҰҰ Халықаралық туристік ұйымында (UNWTO) жетілдіретін болады. Университет базасында біліктілікті арттыру орталығымен бірге IELTS, TOEFL сияқты халықаралық емтихандарды тапсыру, шет тілдерін тереңдетіп оқыту үшін тіл орталығы жұмыс істейді. Туризм факультеттерінен басқа спорттық кафедралар да бар.

Түркістан қаласындағы жаңа Халықаралық туризм университеті биылдан бастап талапкерлерді қабылдай бастады. 2020-2021 жылғы оқу жылына 800 грант бөлінген. Бүгінде мұнда студенттер туризмді дамыту бағыттары бойынша білім алып жатыр.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкентте мал азығын дайындауда гидропоника әдісі қолданылады
  • 2025 жылы қала тұрғындары 100 пайыз электр қуатымен қамтылады
  • Қоймалардың қауқары мықты
  • Ақпарат алмасу үшін ытымақтасты
  • Үш жақты келісім - отбасы тыныштығы