Экс-президенттің құдасы қамалды

Қырғызстанның экс-президенті Сооронбай Жээнбековтің құдасы, бұрынғы депутат Әлиярбек Әбжалиев қамалды, - деп хабарлайды Oinet.kz сайты 24.kg сайтына сілтеме жасап.

Screenshot_3.jpg

ҰҚК бұрынғы депутаттың ұсталғанын растады. Алайда күдіктінің аты тергеу құпия өткізіліп жатқанына байланысты айтылмады.

"Кәсіпкер ҰҚКҰ-ға Ә.Ә. Парламент депутаты болған кезде жасаған алаяқтық әрекеттерінің нәтижесінде 2 миллион доллар көлемінде залал келтірді деген шағыммен жүгінді. Қырғызстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің "Алаяқтық" бабы бойынша іс қозғалды. Сот оған тергеу кезеңінде қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын таңдады", - деді ведомство өкілі.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Экс-президенттің құдасы қамалды
  • «Ресей мен Қазақстан дос»: Тоқаев Премьер-министр Мишустинмен кездесті
  • Жастардың әскери қызметке баруға ынтасы жоқ – сенатор
  • Мәжіліс депутаты Президенттің шындықты ашып айтқанына дән риза болды
  • Тоқаев Маңғыстауда миитингке шыққан жұмысшыларға қатысты тапсырма берді