Ордабасы өнімдері елордадағы жәрмеңкеге қатысты

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласында Түркістан облысы ауыл шаруашылығы өнімдерінің дәстүрлі жәрмеңкесі өтуде. Жәрмеңкеде өңіріміздің диқандары 447 тоннадан астам ауыл шаруашылығы өнімдерін нарықтық сатылымнан 15-20 пайызға төмен бағамен ұсынады. Бүгін көкөніс, ет өнімдері мен жеміс жидектер тиелген 34 жүк керуені елордаға аттанды.

Нұр-Сұлтан қаласына аттанғалы тұрған ауыл шаруашылығы өнімдері тиелген керуенге сайрамдық шаруалар да өз үлесін қосқан. Биылғы жыл пандемияға қарамастан еңбекқор диқандар үшін табысты болыпты. Ет өнімі, көкөніс, жеміс молынан жинап алынған.

Жыл сайынғы дәстүрге айналған жәрмеңкеде Ордабасы өнімдері елордалықтардың сұранысына ие екенін дәлелдеп келеді.

Жалпы Ордабасы ауданынан 69 тонна ауыл шаруашылығы өнімдері тұтынушыларға нарықтағы бағадан 15-20% төмен бағада ұсынылады.

Ауыл шаруашылығы өнімдеріне лық толы керуеннің жол қауіпсіздігін полицейлер қамтамасыз етеді. Өнімдер алдағы демалыс күндері Нұр-Сұлтан жәрмеңкесінде сатылымға шығарылады.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Азық-түлік бағасын назарда
  • Мүгедек жандар жарысады
  • «TEN QOGAM» тең мүмкіндік беруде
  • Энергия үнемдегіш шамдар орнатылуда.
  • Полицейлер түнгі уақытта жүрген 90 жасөспірімді анықтады