Дәрігер барлық құрметке лайық

12.jpg

Сайрам ауданының әкімі Ұласбек Сәдібеков аудандағы медицина қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады. 

-Сіздердің еңбектеріңіздің өлшемі өмірмен қайта табысқан адамдардың тағдырымен байланысты. Ауырсақ тәнімізді емдеп, дертімізге шипа сыйлайтын дәрігерлер қандай құрметке де лайық. Олардың тәулік бойы көз ілмей, тәуекелге бел буып, тынымсыз атқаратын тірлігін жанкештілік деп бағаласа, артық емес. Бір сөзбен айтқанда, дәрігер – адам жанының арашасысы, жер бетіндегі сан алуан кәсіптің ішіндегі ең ізгі, ең қастерлі мамандық иесі.

Өздеріңізге белгілі, 2018 жылдың 19 маусымында тарихи шешім қабылданып, жаңа өңір ретінде Түркістан облысы еңсесін тіктеді. 

Елбасының арқасында түркі әлемінің текті төрі Түркістан қаласы өңір орталығына айналды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та өз тарапынан жаңа Түркістанның өрлеуіне барынша қолдау жасап, жан-жақты дамуын тікелей қадағалап отыр. Бұл ретте аймақ медицинасының да басқа салалармен иық тірестіре алға басып келе жатқанын айту орынды.

Кез келген мемлекеттің басты қазынасы – адам. Ал адамның басты байлығы – денсаулығы. Сондықтан сапалы және қолжетімді медициналық қызмет көрсету – денсаулық сақтау жүйесінің басты мақсаты. Бүгінгі күні ауданымызда 4 медициналық орталық және 2500-ден астам медицина қызметкері халыққа медициналық қызмет көрсетіп келеді. Саланың материалдық-техникалық базасы жылдан-жылға нығайып келеді. Әлемдік озық технологиялар мен телемедицина күнделікті қолданысымызға еніп отыр. 

COVID-19 пандемиясы кезінде әлемді шарпыған қауіпті індет бүкіл әлемді әбігерге түсірді. Уақытша сынақ кезеңінде мемлекет дер кезінде қолдау шараларын қабылдады. Дәрігерлер мен сала мамандары қауіпті індетпен күресте алдыңғы қатарда болып, аянбай еңбек етіп келеді. 

Ардақты дәрігерлер!

Қымбатты сала мамандары!

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өздеріңізге арналған халықтың ыстық ықыласы мен риясыз алғысының дәлелі ретінде ерекше қолдау білдіруде. Елімізде пандемияға қарсы күресті әлі де жалғастыру қажет. Осы орайда сіздердің адал еңбектеріңізді жоғары бағалаймыз. 

Қызметтеріңіз табысты, болашағымыз жарқын, отбасыларыңыз аман болсын! 

Мықты денсаулық, қажымас қайрат, шаңырақтарыңызға шаттық, бақ-береке тілеймін!

Жақындарымызға жанашыр болайық! Біз біргеміз!-делінген құттықтау хатта. 


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Азық-түлік бағасын назарда
  • Мүгедек жандар жарысады
  • «TEN QOGAM» тең мүмкіндік беруде
  • Энергия үнемдегіш шамдар орнатылуда.
  • Полицейлер түнгі уақытта жүрген 90 жасөспірімді анықтады