Жеке қабылдау дәстүрлі форматта өтті

19.jpg

Түлкібас ауданының әкімі Нұрлан Байғұт  кезекті жеке қабылдауын өткізді. Тұрғындардың өтінішіне сәйкес бұл жолғы жеке қабылдау дәстүрлі форматта өтті. Бұл туралы Түлкібас ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Қабылдауда болған азаматтар тарапынан көтерілген жер телімін алу, тұрғын-үй құжаттарын заңдастыру, ауыз су, газ, балабақшаны жөндеуден өткізу, білім және денсаулық сақтау саласына қатысты мәселелер бойынша аудан басшысы қолданыстағы заңдарға сәйкес нақты жауап беріп, тұрғындар өтініштерін қанағаттандыру мақсатында тиісті бөлім басшыларына нақты тапсырмалар жүктеді. 

Сонымен қатар, аудан басшысы қабылдауға келген Қарлығаш балабақшасының қызметкері Ақмарал Бурлибаеваның аудандық балабақшалардың жұмысын жаңғырту бойынша ұсыныстарын жіті тыңдап, орынды айтылған ұсыныстарға қолдау білдіретіндігін жеткізді. Айтылған ұсыныстарды ескере келе Адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысына қыркүйек айында жеке және мемлекеттік мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің басшылық құрамымен көшпелі семинарлар ұйымдастыруды тапсырды. Семинарда білікті мамандардың қатысуымен тәжірибе алмасу, балабақшалардың материалды-техникалық базасын нығайту бағыттары және үлгілі балабақшаларға басқалары бой түзеу сынды мәселелер талқылану керектігін атап өтті. 


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Азық-түлік бағасын назарда
  • Мүгедек жандар жарысады
  • «TEN QOGAM» тең мүмкіндік беруде
  • Энергия үнемдегіш шамдар орнатылуда.
  • Полицейлер түнгі уақытта жүрген 90 жасөспірімді анықтады