Арыс қаласында биыл жылына 50 мың тонна мұнай өңдейтін зауыт іске қосылады

Арыс қаласында ағымдағы жылы жалпы құны 11 млрд теңгені құрайтын мұнай және мұнай өнімдерін өңдейтін «ҚаратауТрансСервис» ЖШС-ң зауыты өз жұмысын бастайды. Жоба ағымдағы жылдың соңына қарай іске қосылып, 112 адамды тұрақты жұмыспен қамтымақ. Бұл туралы брифингте Арыс қаласының әкімі Гүлжан Құрманбекова мәлімдеді.

image.png

Сондай-ақ, биыл жартыжылдықта Арыс қаласында өнеркәсіп өнімдерінің көлемі 2 118,9 млн теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 153,8 млн теңгеге артқан.

- «Қала бойынша жалпы 3 812 бірлік шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері тіркелген. Оның ішінде: 2 140-ы – жеке кәсіпкер (55,6%), 1 023-і – шаруа қожалық (27,1%), 649-ы – заңды тұлғалар (17,2%). Жұмыс істеп тұрған ШОК субъектілерінің саны 3587 бірлік, жалпы тіркелгендердің 94,1% пайызын құрайды. Сонымен қатар, ағымдағы жылдың қаңтар-мамыр айында өңірдегі бөлшек сауда көлемі 1 млрд 458,7 млн теңгені құрады. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру мақсатында «Түркістан» ӘКК» АҚ-ы арқылы «Айналым схемасы» аясында сауда орындарына несиелендіру бойынша «Алмас» ЖШС-на 56 млн теңге қаржы бөлу қарастырылуда», - деді Гүлжан Мамытқызы.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Азық-түлік бағасын назарда
  • Мүгедек жандар жарысады
  • «TEN QOGAM» тең мүмкіндік беруде
  • Энергия үнемдегіш шамдар орнатылуда.
  • Полицейлер түнгі уақытта жүрген 90 жасөспірімді анықтады