Төлебиде қымыз өндіру ісі қарқын алса, сайрамда ет экспорты артуда

Төлеби ауданы Қаратөбе ауылдық округі таулы аймақта орналасқандықтан халқының басым бөлігі мал шаруашылығымен айналысады. Соның бірі - «Қуаныш» шаруа қожалығы. Иесі Бекбасаров Зұлпыхар 20 шақты жылқы малын бағып, 10 бас сауынды биені сауып, кәсіпкерлігін бастаған. Қожалықтың қымызына деген сұраныс жоғары.

image.png

- «Біз отбасымызбен мал баққан жандармыз. Бала кезімнен осы шаруашылыққа икемім бар. Мал бағудың қыр-сырын меңгеріп, қазір шаруашылықты жүргізіп отырмын. Жылдың төрт мезгілінде сары қымыз сапырып, саумал дайындап, жүйрік баптаймыз. Биені сүтіне, қымызына қала, ауыл тұрғындарынан сұраныс көп. Дайын өнімді тапсырыспен жеткізіп береміз. Бүгінде күніне 20-25 литр қымыз өткіземіз, - дейді қожалық иесі З.Бекбасаров.

Сондай-ақ, қожалық иелігіндегі 12 га жердің 8 гектарына бидай егілсе, 4 гектарға жоңышқа өсіріп отыр.

Ал, Сайрам ауданының кәсіпкерлері быилғы жылдың алғашқы 6 айында алыс-жақын шетелдерге жалпы көлемі 9374 тонна ет экспорттаған. Оның 8571 тоннасы ірі кара мал еті болса, 803 тоннасы қой еті.

Жалпы ауданда жылдан жылға мал бордақылау алаңдарының артып келе жатқанын ескерер болсақ, алдағы уақытта қазіргіден де мол ет өндіріледі деп айтуға болады. Мәселен, қазірдің өзінде аудан көлемінде 1012 мал бордақылау алаңы жұмыс істейді. Бұл алаңдар бір мезетте 42 мың бас малды бордақылауға қауқарлы.

Одан бөлек, ауданда мал сою және ет өңдеу цехтары да жолға қойылған. Мысал ретінде «Қайып Ата» мен «Nurym Group» серіктестіктерін айтуға болады. Қос фермада дамыған елдердің соңғы үлгідегі құрал-жабдықтары мен ет өндіру, өңдеу саласының озық технологиясымен жұмыс істейді.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Азық-түлік бағасын назарда
  • Мүгедек жандар жарысады
  • «TEN QOGAM» тең мүмкіндік беруде
  • Энергия үнемдегіш шамдар орнатылуда.
  • Полицейлер түнгі уақытта жүрген 90 жасөспірімді анықтады