Жем-шөп тапшылығының алдын алу бағытында жұмыс күшейді

Соңғы кездері еліміздің түкпір-түкпірінде ауа-райы күрт ысып, жауын-шашын азайып, шаруаларды әбігерге салды. Қуаңшылық салдарынан батыстағы облыстармен қатар Түркістан өңірінде де қиындықтар кездесіп жатыр. «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалы жанындағы Аграрлық секторды дамыту жөніндегі қоғамдық кеңес мәжілісінде осы мәселе талқыланды. Жиынға Түркістан облыстық мәслихатының депутаты, партияның Түркістан облыстық филиалы жанындағы Аграрлық секторды дамыту жөніндегі қоғамдық кеңестің төрағасы Ерлан Нұрмаханов төрағалық етіп, жүргізіп отырды.

image.png

Күн тәртібіндегі бірінші мәселе – Өңірде болып жатқан қуаңшылыққа қарсы іс-шаралар туралы Түркістан облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Тұрғанбек Оспанов баяндама жасады. Оның айтуынша, Түркістан облысында вегетациялық кезең ағын су тапшылығына байланысты қиындау өтіп жатыр.

- «Ордабасы, Отырар, Сауран, Бәйдібек аудандары мен Арыс, Кентау қалаларында егістікті ағын сумен қамту күрделі болып тұр. Бұл аумақтарға «Бөген» су қоймасы арқылы су жеткізілуде. Жылдан-жылға су тапшылығының ұлғайып келе жатқаны ескеріліп, басқарма тарпынан үнемдеу технологияларын енгізу, егістікті әртараптандыру жұмыстары қолға алынды. Нәтижесінде биыл малға арналған азықтық дақылдардың көлемі 4,1 мың гектарға артып, 216,9 мың гектарға жетіп отыр. Бақша дақылдары 11,8 мың гектарға артып, 73,4 мың гектарға егілсе, мақта көлемі кемітіліп, 108 мың гектарды құрады. Түркістан облысында суармалы жер көлемі 548 мың гектар болса, қазір соның 453 гектары игерілген», – деген ол ағын суға қатысты өткір проблемаларды да қозғады.

Басқарма тиісті құрылымдармен су қоймаларында ағын су көлемін 70 пайыздан асырмау тапсырмасына қарамастан қуаңшылықтың алдын алу үшін «Бөген», «Қосқорған» су қоймаларында су мөлшерін 95 пайзыға дейін толтырған. Облыстық бюджет есебінен соңғы 2 жылда 243 шақырымды құрайтын 61 канал жөнделген.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Азық-түлік бағасын назарда
  • Мүгедек жандар жарысады
  • «TEN QOGAM» тең мүмкіндік беруде
  • Энергия үнемдегіш шамдар орнатылуда.
  • Полицейлер түнгі уақытта жүрген 90 жасөспірімді анықтады