Түркістанда заманауи спорт кешендері салынуда

Түркістан облысында бірнеше заманауи спорт кешендерінің құрылысы жүргізілуде. Шаһарда елімізде теңдесі жоқ спорт кешендері бар ескек есу каналы пайда болды. Ескек есу жəне байдарка спорты бойынша олимпиадалық стандартқа сай орталық 100 гектар жерге жайғасқан. Осылайша Қазақстанда су спорт түрлерінің дамуына ықпал етіп қана қоймай, Түркістанда жоғары деңгейдегі жарыстар өткізуге мүмкіндік туды.

image.png

Жобаның мақсаты - Қазақстандағы Олимпиада ойындарының бағдарламасы бойынша академиялық есу спортының барлық түрлерін дамыту.

1000 көрерменге арналған жай, сапбординг, су шаңғысы, флайбординг, вейксерфинг, канополо, драгонбот және жағажай ойындар футболы, волейбол, гандбол, теннис, регби секілді су және жағажай спортының танымал түрлерін дамытуға септігін тигізетін спорт кешенінде спорт және ойын алаңдары, аквапарк, балалар аттракциондары және тағы бас нысандар орналасады. Каналдың жалпы ұзындығы – 2222 м. Ені – 260 м, тереңдігі – 4 метр.

Кешенге су жаңадан салынған «Кеңсай-Қосқорған-2» су реттегішінен келеді. Суды сақтау, тазарту бойынша АҚШ-тан арнайы алдырылған су жүйелері орнатылмақ.

Түркістан қаласында ат спорты кешені салынуда. 35 гектар жерде орналасқан кешенде Поло-клуб, манеж, стендтік атысқа арналған алаңқай, садақ атуға арналған алаң, канал арқылы өтетін көпір мен атпен серуендеу аймағы салынады.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Азық-түлік бағасын назарда
  • Мүгедек жандар жарысады
  • «TEN QOGAM» тең мүмкіндік беруде
  • Энергия үнемдегіш шамдар орнатылуда.
  • Полицейлер түнгі уақытта жүрген 90 жасөспірімді анықтады