Көлкент ауылдық округінде газ құбырын жүргізу жұмыстары басталды

“Nur Otan” партиясының “Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір” сайлауалды бағдарламасы аясында Көлкент ауылдық округінде газ құбырын жүргізу жұмыстары басталды.

image.png

Сайрам ауданы Көлкент ауылдық округіне қарасты Ақсуабад елді мекенінің газбен жабдықтау желілерін салу үшін жобалық сметалық құжаттамасы дайындалып, мемлекеттік сараптамасының қорытындысы алынды.

Сметалық құны - 771,683 млн. теңгені құрайды. Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы тарапынан өткізілген мемлекеттік сатып алу конкурстың нәтижесімен мердігер мекеме "Ақ Орда Корпорациясы" ЖШС-і жеңімпаз атанды. Сонды-ақ, аудан әкімі, аудандық партия филиалының төрағасы Ұ.Сәдібековтың тапсырмасына сәйкес, 2021 жылдың ақпан айындағы ауыл әкімінің есеп кезіндегі өзекті мәселенің бірі болған Көлкент ауылдық округі Көлкент елді мекенінің газбен жабдықтау желілерін салу үшін жобалық сметалық құжаттамасы дайындалып, мемлекеттік сараптамасының қорытындысы алынды. Сметалық құны - 2418,488 млн. теңгені құрайды. Бүгінгі таңда облыстық бюджет есебінен қаражат қарастыруға өтінім тиісті құжаттарымен бірге облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасына ұсынылып, 150,0 млн. теңге қаражат қарстырылды. 2021 жылы құрылыс жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Азық-түлік бағасын назарда
  • Мүгедек жандар жарысады
  • «TEN QOGAM» тең мүмкіндік беруде
  • Энергия үнемдегіш шамдар орнатылуда.
  • Полицейлер түнгі уақытта жүрген 90 жасөспірімді анықтады