Түркістан облысы «жасыл» аймақта тұр

10.jpg

Эпидемиологиялық ахуал матрицасы бойынша Түркістан облысы «жасыл» аймақта тұр. Соңғы тәулікте өңірде КВИ-дің 56 жағдайы анықталды. Тәуліктік өсім 0.43 % құрайды. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады. 

 Бүгінде инфекциялық стационарларда 3600 орын бар, 2559 төсек орын бос. Індет басталғалы коронавирустың 12 960 жағдайы тіркелді.

Жалпы өңірге COVID-19 індетіне қарсы вакцинаның 791 610 дозасы жеткізілген. І-компонентпен 745 301 адам немесе 96%, ІІ-компонентпен – 606 474 адам немесе 80% егілген. Кейінгі тәулікте 6154 адам екпе салдыруға ниет білдірген.

Айта кетейік, облыстағы мекемелерде 8 оттегі станциясы, 400 ӨЖЖ аппараты, мыңнан аса оттегі аппараты бар. Сондай-ақ, 2 айға жететін дәрі-дәрмек қоры жасақталған, 40-тан астам дәрі қоймасы мен 800-дей дәріхана бар.

Жуырда президент Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа арнаған Жолдауында:

- Біздің вакцинамыздың тиімді әрі қауіпсіз екеніне еш күмән жоқ. Қазір QazVac-қа өзге мемлекеттер де сұраныс білдіруде. Елімізде вакцина қоры жеткілікті, азаматтарымыздың таңдау мүмкіндігі бар. Көптеген мемлекеттердің бұған қолы жетпей отыр.   Елімізде жаппай екпе салу жүріп жатқанымен, қоғамда оған қарсы адамдар әлі де көп.

Олар өздері бас тартып қана қоймай, халықты кері үгіттеуде. Соның кесірінен қаншама жұртты адастыруда. Мұндай адамдар өзінің ғана емес, өзгенің өмірі үшін де жауап беретінін түсінуге тиіс. Сондықтан, екпе алуға қарсы үгіттеп жүргендердің жетегінде кетпеген жөн,-деп атап өткен болатын.  


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Азық-түлік бағасын назарда
  • Мүгедек жандар жарысады
  • «TEN QOGAM» тең мүмкіндік беруде
  • Энергия үнемдегіш шамдар орнатылуда.
  • Полицейлер түнгі уақытта жүрген 90 жасөспірімді анықтады