Суындық каналы жөнделуде

23.jpg

Түркістан облысы Созақ ауданындағы Суындық су арнасы қайта іске қосылғанда, Созақ ауылы бойынша 960 гектар суармалы жер қайта айналымға қосылады. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Осыдан 40 жылдан астам уақыт бұрын салынған Созақ ауданындағы «Суындық» каналы күрделі жөндеуден өткізілуде. Өткен жылы қолға алынған құрылыс жұмыстары Түркістан облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының тапсырысымен қолға алынды. Жұмыс барысы Созақ ауданының әкімі Салыхан Полатовтың бақылауында.

Ұзындығы 23 шақырымдық «Суындық» су арнасының 19 шақырымына «лоток қалқаншалар» орнатылып үлгерген. Күрделі жөндеу жұмыстары жыл соңына дейін аяқталады. Нәтижесінде гидротехникалық құрылымдардың пайдалы әрекет коэффициенті артып, суармалы жерлер вегетациялық кезенде сумен қамтамасыз етіледі.

Айта кетейік, былтыр халыққа арнаған Жолдауында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев:

- Технологиялық тұрғыдан ескірген суару жүйесі үлкен кедергі келтіріп отыр. Судың 40 пайызы далаға кетіп жататын кездері болады. Онсыз да су тапшылығының зардабын тартып отырған еліміз бұған жол бере алмайды. Осы саланың нормативтік-құқықтық тұрғыдан реттелуін қамтамасыз етіп, заманауи технологиялар мен инновацияны енгізу үшін экономикалық ынталандыру шараларын әзірлеу қажет,-деп атап өткен болатын. 

 


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Азық-түлік бағасы назарда
  • Мүгедек жандар жарысады
  • «TEN QOGAM» тең мүмкіндік беруде
  • Энергия үнемдегіш шамдар орнатылуда.
  • Полицейлер түнгі уақытта жүрген 90 жасөспірімді анықтады