Түркістандағы экобазарда мобильді қосымшаның көмегімен сауда жасауға болады

Түркістан қаласында салынған жаңа экобазарда мобильді қосымшаның көмегімен сауда жасауға болады. Жаңа жүйеге жақын күндері іске қосылады. Мұнда Түркістан облысы мен басқа да облыс, қалалардың диқандары өз өнімдерін таяуда ашылатын заманауи экобазарда саудалай алады.

image.png

Фермерлер базары 14 га жерде орналасқан. Мұнда 900 сауда орны бар. Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев осы экобазарда болып, жай-күйімен танысты. Базар басшылығы мен осы салаға жауапты өкілдерге диқандар үшін қажетті жағдайды жасау жөнінде тапсырма берді. Бұл жабық базар барлық азық-түлік тауарлары көтерме бағамен сатылатын ең ірі сауда орталығына айналмақ. Осы күні облыс әкімі шаһарда құрылысы қарқын алған бірқатар нысандарды аралап, құрылысшылармен жүздесті. Мердігер компания басшыларымен де кездесіп, жұмысты жауапкершілікпен атқаруды жүктеді. Салынып жатқан жаңа нысандардың сапасы басты назарда тұруы тиіс екенін айтқан облыс басшысы құрылысты кестеге сәйкес аяқтауды ескертті.

Тұрғын үй секторларындағы инженерлік-коммуникация инфрақұрылымы жүйесімен қамтып, абаттандыру мен көгалдандыруға, халыққа қолайлы жағдай жасауға күш салуды тапсырды. Облыс орталығының тазалығын сақтауға қатысты жауапты сала басшыларға нақты тапсырмалар берді. Халықаралық әуежайға барар жолда жүргізіліп жатқан көгалдандыру барысымен бақылаған өңір басшысы қаладағы жаңа арбат пен гүлзарлардағы абаттандыру жұмыстарын пысықтады.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкентте мал азығын дайындауда гидропоника әдісі қолданылады
  • 2025 жылы қала тұрғындары 100 пайыз электр қуатымен қамтылады
  • Қоймалардың қауқары мықты
  • Ақпарат алмасу үшін ытымақтасты
  • Үш жақты келісім - отбасы тыныштығы