Еліміздегі ең ірі мал бордақылау алаңы Түркістан облысында

Түркістан облысының Сайрам ауданында 21 мың бас қара малды бордақылау алаңының құрылысы қарқынды жүргізіліп жатыр. Қайнарбұлақ ауыл округінне қарасты нысанның жалпы аумағы 76 гектар жерді құрайды екен. Бұл көлемі жағынан алғанда еліміздегі ең ірі мал бордақылау алаңы болып саналады. Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев жұмыс сапарымен Сайрам ауданында болып, осы ең ірі мал бордақылау алаңына барып, оның жұмысымен танысты.

image.png

Жеке кәсіпкер Бексұлтан Бегалиевтің жүзе асырып отырған жобасының құны 3 млрд теңгені құрайды. Екінші деңгейдегі банктер мен Ауыл шауашылығын қолдау қоры корпорациясы арқылы несие алған кәсіпкер тәулігіне 500 тонна ет өндіруді көздеп отыр. Асыл тұқымды мал басын бордақылайтын кешенде 25 жергілікті тұрғын тұрақты жұмыспен қамтылады. Яғни. 25 отбасы тұрақты жұмыстан бала-шағасының несібесін тауып отыр деген сөз.

Ет өндіру бойынша алдыңғы қатардағы Сайрам ауыл шаруашылық саласында жаңа жобалар мен заманауи технологиялардың пайдаланудың арқасында Түркістан облысында ғана емес, елімізде көш бастайтын аудандардың бірі болуды көздейді. Бұл бағытта былтыр пандемия салдарынан елімізде жаппай енгізілген, қатаңдатылған карантин талаптарынан туындаған қиындықтар да шаруалардың кәсібіне анау айтқандай кедергі келтіре қоймаған. Індетке байланысты жарияланған төтенше жағдайға қарамастан мұндағы шаруалар мал өсіріп, ет өнімдерін саудалауда. Аталған ауданнан Өзбекстан, Иран, Ресей мемлекеттеріне сиыр мен қой еттері тонналап экспортталады. Бұдан бөлек, Өзбекстан және Ауғанстан мемлекеттеріне тонналап мал азығын да саудалайды. Сайрамдық ет өндірушілер сонымен қатар, ет өнімдерімен еліміздің бірқатар өңірлерін де қамтамасыз етіп отыр.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Тіл-татулық тірегі»
  • Жастар жемқорлыққа қарсы
  • Кәсіптік білім ошақтары дуальды оқыту жүйесіне көшуде
  • «Аңсаған сәби» - үміт бағдарламасы
  • Шымкент – саламаттылыққа бет түзеген қала