Туризм саласы арқылы креативті экономика индустриясы дамиды

Screenshot_1.jpg

Шымкент қаласында туризм саласын оң өзгерістер күтіп тұр. Туризм басқармасына жуырда «креативті экономика» функциясы берілді. Әлемдік экономиканың трансформациялануы және әл-ауқаттың өсуінің жаңа тұжырымдамаларын іздеу жағдайында «креативті экономиканың» танымалдылығы арта түсуде. 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев эко­номиканың жаңа даму бағытын ай­қындап, «креативті индустрияны» дамыту бойынша арнайы тапсырма берген болатын. Осы орайда, жаңа өзгерістерді тиімді қолдану және Шымкент қаласында «креативті индустрия» саласын дамытуды жүйелендіру мақсатында туризм және сыртқы байланыстар басқармасына «креативті экономика» функциясын беру ұсынылып, ол қала әкімі Мұрат Әйтеновтің тарапынан қолдауға ие болды. Яғни бұл шешімнің нәтижесінде республикадағы үшінші мегаполис – туризм саласына креативті экономика индустриясы қосылған бірінші басқарма болады. 

Басқарма басшысы Ердан Қыдыровтың айтуына қарағанда аталған бастама туризмді дамыту, инвестиция тарту, Smart-инфрақұрылым, креативті жобалар мен маркетинг, сырт­қы байланыстар секілді заманауи трансформациялану бағыттарында қызмет атқарумен қатар мегаполис эко­но­­мика­сы­ның дамуына жаңа серпін, туристік креативті қала бейнесін қалып­тас­тыруға мүмкіндік береді. 

Ал сала мамандарының мәлімдеуінше, туризм мен креативті индустрияны бірік­ті­ру – ең алдымен оны жаңа деңгейге шығарып, туризмді дамытуға тың идеялар­ды енгізе отырып, жаңашыл бағытта ілгерілеуге септігін тигізеді. Қа­ла­ның жаңа бейнесін қалыптастырып және жаңа жұмыс орындарын ашып, экономика түсімін жоғарылатып, келуші туристер легін арттырады деген болжам да бар. Жастардың шығармашыл идеяларын қолдау мақсатында Шымкент қаласы әкімдігі жанынан түрлі сала өкілдерінен тұратын «Креативті кеңес» құрылғанын да айта кетелік.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Жаңа демалыс орны ашылды
  • «VISIT SHYMKENT» биыл 100-ден аса экскурсия ұйымдастырды
  • Шымқалаға татарстандық делегаттар келді
  • Шаһар басшысы АҚШ-тың бас консулымен кездесті
  • IШаһар басшысы АҚШ-тың бас консулымен кездесті