Kaspi.kz-тегі ақау: сарапшы не істеу керегін түсіндірді

Киберқауіпсіздік бойынша сарапшы Евгений Питолин "Хабар 24" телеарнасына Kaspi.kz-пен болған жағдайларда не істеу керегін түсіндірді.

Киберқауіпсіздік сарапшысы Kaspi.kz клиенттеріне кеңес берді - Aikyn.kz |  Жаңалық жаршысы. Ресми ақпарат. Жаңалықтар

Халықаралық антивирус компаниясының басқарушы директорының сөзінше, ең алдымен мұндай жағдайларда банк бағдарламасына немесе сайтқа қайта-қайта кіре берудің қажеті жоқ, бұл мамандарға ақауды реттеуге кедергі келтіреді. 

Сондай-ақ сарапшы шабуыл жасалғаны және картадағы ақшаның жоғалып кеткені туралы хабарламаларды таратпауға кеңес берді. Мұндай сәтте адамдарда үрей туып, интернет-алаяқтар бұл жағдайды тиімді пайдаланып кетуі мүмкін. 

Питолин Kaspi.kz-пен болған жағдайларда қолданушылар сабыр сақтап, мамандарға жағдайды реттеуге уақыт беру керегін айтады. Оның айтуынша, мұндай техникалық ақау кез келген қаржы саласында болуы мүмкін. 

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Жалғыз әлем, жалғыз жүрек, жалғыз үй
  • Биыл 270 млн адам азық-түлік тапшылығын сезінеді – Тоқаев
  • Шымкентте аптасына үш күн азық-түлік жәрмеңкесі өтеді
  • Шағын және орта кәсіпорындардан 8 айда 222,1 млрд теңгелік өнім
  • Шымкентте діни конфессия өкілдері арасында спартакиада басталды