Елбасы Ақан Сатаевқа маңызды міндет жүктеді

Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев Айманов атындағы "Қазақфильм" АҚ басшысы Ақан Сатаевты қабылдады, деп хабарлайды Elbasy.kz.

Елбасы.jpg

Кездесу барысында Нұрсұлтан Назарбаев тәуелсіздік алғаннан бері мемлекет әрқашан өнер саласын дамытуға ерекше көңіл бөлгенін айтты.

- Сіздің киноиндустрияда жинаған тәжірибеңіз мол, қоғамда танымалдыққа ие болдыңыз, фильмдеріңіз түрлі кинофестивальге қатысып жүлдемен оралып жүр. Көрермендер сіздің "Анаға апарар жол", "Томирис" және басқа да туындыңызға тәнті болды. Қазіргі уақытта сізге үлкен жауапкершілік жүктелген. Алдағы жұмысыңызға табыс тілеймін, - деді Елбасы.

Сондай-ақ, Ақан Сатаев Нұрсұлтан Назарбаевқа көркем фильмдер шығару жөніндегі жоспары мен отандық кино сапасын арттыру үшін қабылданып жатқан шаралар туралы айтып берді.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Елбасы Ақан Сатаевқа маңызды міндет жүктеді
  • «Мембағдарлама бойынша қазақстандықтар бір рет баспана ала алады» - Бейбіт Атамқұлов
  • Денсаулық саласының қос вице-министрі екпенің екінші дозасын салдыртты
  • Жеңісімді сәбилердің рухына арнаймын - Қанат Ислам (видео)
  • Қазақстандағы барлық өңір «қызыл» аймақтан шықты