Шымкент: «Анаға хат» шығармашылық байқауы өтуде

Шымкент қаласының Абай ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай,  «Ізгілікте жарысайық» қайырымдылық қорының қолдауымен «Анаға хат» шығармашылық байқауы өткізілуде.  

image.png

Жобаның  мақсаты – ана мен баланың арасындағы махаббаттың өлшемін дәріптеп, негізін насихаттау, баланың анасына деген айтып жеткізе алмайтын алғысын көрсету, алшақтықты жақындату, сағыну, ата-анасы алдындағы парызын терең сезіне білуі арқылы ұрпақ тәрбиесін ұлықтау т.б. жүректен шыққан сезімін ақ қағазға түсіріп ойымен бөлісу болып табылады.

Байқау шартты бойынша, белгіленген электронды поштаға келіп түскен шығарма хаттарын қазылар алқасы талқылап, осы айдың ішінде жеңімпаздарды анықтау үшін отырыс ұйымдастырылатын болады.

Айта кетейік, байқау нәтижесі бойынша жүзден жүйрік атанған жеңімпаздарды марапаттау рәсімі өтетін болады.

Шымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялық орталығы

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкент: «Анаға хат» шығармашылық байқауы өтуде
  • Жаңа пәтерге ие болу мүмкіндігін жіберіп алмаңыз
  • В Казахстане начинается вакцинация беременных и кормящих женщин
  • Момышұлы көшесіндегі жөндеу жұмыстары аяқталды
  • «Жас өнерпаз» байқауы өтті