Мәселелер тікелей аудан әкімінің бақылауында

Screenshot_11.jpg

Жақында «Nur Otan» партиясы Қазығұрт аудандық филиалының төрағасы, аудан әкімі Арман Айдарұлы қоғамдық қабылдау өткізіді. Қабылдауға аудан әкімінің орынбасары С.Тұрсынқұлов, төрағаның бірінші орынбасары Е.Исақұлов және де бөлім басшылары қатысты. 

Қызылқия ауыл округі, Қызылсеңгір елді мекенінің ауыл биі С.Абсалаев Қызылсеңгір, Тұғыртас елді мекендеріне табиғи газ құбыры тартылған. Газ жүйесі толық қайта сығымдаудан өтіп, жеткізуші газ құбырына табиғи газ қосылды. 79 ға жуық отбасы техникалық құжаттары дайындап қойдық, бірақ әлі күнге газ кіргізе алмай жүрміз дейді.

Нәтижесінде: «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Түркістан облыстық ӨФ-на елді мекенді газға қосу үшін атқарушылық техникалық құжаттары жинақталып, тиісті орындарға тапсырылғандығы анықталып,атқарушылық техникалық құжаттары тіркелгеннен кейін елді мекендегі газ жүйелеріне табиғи газ кіргізілетіндігі түсіндірілді.

Қабылдау негізінде түскен барлық ұсыныстар мен өтініштер аудан әкімнің және де партияның тікелей бақылауында болады.

Қабылдауда болған ауыл тұрғындары аудан әкіміне алғыстарын білдірді.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Мәселелер тікелей аудан әкімінің бақылауында
  • Газ мәселесі оң шешімін тапты
  • Мүмкіндігі шектеулі азаматтардың мәселелері тыңдалды
  • Барлық жұмыс заң шеңберінде жүзеге асады
  • Тұрғындардың мәселелері оң шешімін тапты