Қазығұртта жаңа гидроэлектрстанция құрылысы бастады

Түркістан облысы, Қазығұрт ауданы Қақпақ ауыл округінде жаңа гидроэлектростанция салынып жатыр. Аудан әкімі Арман Абдуллаев «Ынтымақ АШӨК» ӨК-нің шағын гидроэлектростанция құрылысымен танысты. 

image.png

Шағын ГЭС-тің қуаттылығы сағатына 1,3МВт, жалпы жоба құны 400 млн. теңгені құрайды. Жаңа нысанның құрылысы тамыз айында басталды. Алдағы желтоқсан айында аяқталып, келер жылы іске қосылады деп күтілуде. Станса іске қосылғаннан кейін бес жаңа жұмыс орны құрылады.

Су энергетика қорлары – өзендер  мен сарқырамалардың құлама суынан алуға болатын энергия қоры. Энергияның бұл көзінің артықшылығы – оның  қоры сарқылмайды, үнемі қалпына келіп отырады. Бұл энергияның арзан, әрі гигиеналық түрғыдан таза түрі болып табылады. Су энергиясының қоры жөнінен Қытай, АҚШ, Канада дүние жүзіндегі алғашқы орындарды иеленеді.Қазіргі таңда бүкіл әлем планета ресурстарын сарқымай-ақ, энергияның балама көздерін пайдалануға бет алған. Әр елдің өз климаттық жағдайларына қарай әртүрлі қуат көздері қолданылады. Шағын ГЭС-тің басты артықшылығы – электр энергиясының өзіндік құнының арзан болуы. Құрылғы қысқа мерзімде жеткізіледі, оны орнату мен іске қосудағы жер дайындау жұмыстары да жеңіл.

Жалпы, облыс бойынша шағын су электр станцияларының саны 5 (Сарыағаш,Сайрам, Төлеби, Қазығұрт), 2014-2020 жылдары іске асырылған. 


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Мәселелер тікелей аудан әкімінің бақылауында
  • Газ мәселесі оң шешімін тапты
  • Мүмкіндігі шектеулі азаматтардың мәселелері тыңдалды
  • Барлық жұмыс заң шеңберінде жүзеге асады
  • Тұрғындардың мәселелері оң шешімін тапты