Мемлекеттік қызметкерлер киелі жерлерді аралады

13.jpg

Созақ ауданы бойынша жергiліктi атқарушы органдарының Әдеп жөніндегі уәкілі, аудан әкімінің аппарат басшысы Оразов Қалдыбек Әбілдаұлының ұйымдастыруымен мемлекеттiк қызметшiлер Құмкент ауылының маңындағы Жылыбұлақ жерінде орналасқан Баба-Түкті Шашты-Әзіз кесенесiнде болды.

Аталған іс-шара "Рухани жаңғыру" бағдарламасының "Өзгерістерді өзіңнен баста" кіші бағдарламасын іске асыру шеңберінде" Әдеп жөніндегі уәкілдің қызметін одан әрі жетілдірудің 2021 жылға арналған жоспарын орындау мақсатында ұйымдастырылды.

Бүгiнде Баба Түкті Шашты Әзіз кесенесіне келушілер қатары көп. Мұндағы жұрт ол кісіні жауға шапқанда ұрандататын киелі әулие болған деседі. Тіпті күш атасы Қажымұқан да додаға түскенде: -«Уа аруақ, Баба Түкті Шашты Әзіздiң рухы қолдай гөр»-деп сыйынған екен.

Баба Түктi Шашты Әзіз есiмi "Алпамыс батыр", "Қобыланды батыр", "Шора батыр" жырларында жиі айтылады. 

Баба Түкті Шашты Әзіз кесенесiне елiмiздiң түкпір-түкпірінен зиярат етіп келушілердің қарасы еш үзілмейді. Әулиенің басына барушылар сырқатына ем iздесе, ендi бiреулер үлкен намысты додаға аттанарда дұға етуге, перзент сүйе алмай жүрген қыз-келіншектер баба рухына дұға жасап, Алладан бала сұрауға барады. Мазардың жанында бұлақтан мөлдіреп су ағып тұр. Жанында шағын көлшік бар. Ниеттеніп келушiлер бұлактың суын ішіп, көлшікке жуынып, дертіне ем сұрайды.

Кiндiк қаның тамған, топырағында аунап, қаз басқан қасиеттi мекеннiң тарихын білу - әрбір азаматтың парызы.

Аталған іс-шара алдағы уакытта өз жалғасын табады.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Азық-түлік бағасын назарда
  • Мүгедек жандар жарысады
  • «TEN QOGAM» тең мүмкіндік беруде
  • Энергия үнемдегіш шамдар орнатылуда.
  • Полицейлер түнгі уақытта жүрген 90 жасөспірімді анықтады