Нұр-Сұлтан Сіз бен Біздің жетістігіміз!

 16.jpg

Түлкібас ауданының әкімі Нұрлан Байғұт тұрғындарды Астананың бой көтергеніне 23 жыл толуымен құттықтады. 

«Тарих үшін қас-қағым сәт болғанымен осынау аз ғана жылдың ішінде Елордамыз дәулеті тасып, сәулеті асқан жер жаһандағы сұлу шаһарлардың біріне айналды. Тарихқа сәл шегініс жасап, Елордамыздың жылнамасына көз жүгіртер болсақ, сонау 1997 жылдың 20 қазанында Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Ақмола қазақ елінің астанасы болып жарияланған күн еске түседі. Сол жылдың қара күзінде Тұңғыш Президентіміз жаңа астана төрінде республикамыздың мемлекеттік нышандарын орталық алаңда салтанатпен қарсы алған болатын. Міне, осы сәттен бастап, Алатаудың бөктеріндегі әсем қала Алматыда қоныстанған мемлекеттік органдар Арқа төсіне атбасын бұра бастаған еді. Ал 1998 жылдың 10-шы маусымында әлем картасында пайда болған жаңа астананың халықаралық тұсаукесері өтті. Дегенмен, 2006 жылдан бастап елорда күні 10 маусым емес 6 шілде күні болып кеңінен аталып өтуде.

Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың бастамасымен еліміздің бас қаласына Елбасы, Тұңғыш Президентіміздің есімі «Нұр-Сұлтан» берілді. 

Елордамыздың 23 жылда жеткен жетістігі тек ғана Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындарының жетістігі емес, Сіз бен біздің де жетістігіміз деп санаймын»,-делінген аудан басшысының құттықтауында.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Азық-түлік бағасын назарда
  • Мүгедек жандар жарысады
  • «TEN QOGAM» тең мүмкіндік беруде
  • Энергия үнемдегіш шамдар орнатылуда.
  • Полицейлер түнгі уақытта жүрген 90 жасөспірімді анықтады