Алтын құрсақты аналарға құрмет

7.jpg

Бәйдібек ауданында алтын құрсақты 22 ана марапатталды. Бұл туралы Бәйдібек ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

 Жалпы Бәйдібек ауданы Батыр аналарымен мақтана алады.  Аудан әкімінің міндетін уақытша атқарушы Бағдатбек Жанғазиев ауданымыздағы алтын құрсақты аналарымызды қабылдап, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Жарлығына сәйкес, «Алтын алқа» және «Күміс алқа» төсбелгілерін табыс етті. Еліміздің халық санын арттырып, ел демографиясына үлес қосып отырған аудандағы ақ жаулықты 22 ана осы марапатқа ие болып отыр. Оның 7-еуі алтын алқа, 15-і күміс.

Салтанатты марапаттау рәсімінде Бағдатбек Пердебайұлы алтын құрсақты аналарға әрқашан құрметтің жоғалмайтынын, сонымен қатар еліміздегі ана мен баланы қорғауда мемлекет тарапынан түрлі қамқорлықтар жасалынып жатқанына тоқталып, көпбалалы аналарға деген өзінің құттықтау тілегін білдіріп. 

Айта кетері, бұған дейін Мемлекет басшысы қасым-Жомарт Тоқаев:

- «Халықтың әлеуметтік жағдайын, тұрмыс сапасын жақсарту ешқашан күн тәртібінен түспейді. Көп балалы аналардың жағдайы – әлеуметтік саланың барометрі. Дені сау анадан дені сау ұрпақ туады. Сапалы медициналық көмек, лайықты білім алған баладан отаншыл, мықты азамат шығады. Яғни, адам капиталын дамыту аналардың әлеуметтік жағдайын жақсартумен тікелей байланысты. Аналарымыз отбасының ғана емес, қоғамның да ұйытқысы екенін ұмытпауымыз керек», - деген болатын.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Азық-түлік бағасын назарда
  • Мүгедек жандар жарысады
  • «TEN QOGAM» тең мүмкіндік беруде
  • Энергия үнемдегіш шамдар орнатылуда.
  • Полицейлер түнгі уақытта жүрген 90 жасөспірімді анықтады