Бәйдібек ауданының әкімі қабылдау өткізді

8.jpg

Бәйдібек ауданының әкімі Ержігіт Шәріпбеков бекітілген кестеге сәйкес азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау өткізді. Бұл туралы Бәйдібек ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Қабылдауға аудан бойынша жазылған 5 тұрғын өздерін толғандырған мәселелерін жеткізді. Жеке қабылдауға келгендердің бірі тұрғын үйінің шатырын ауыстырып беру жөнінде көмек сұраса, бірі тұрғын үйіне табиғи газ құбырын кіргізу жөнінде жеке фирма қаржысын алып, келісілген жұмысын істемегінін, берілген сомадағы қаржысын қайтарып алуға ықпал ету, мүмкіндігі шектеулі азаматтардың күтушілерінің жалақысы, тас алатын карьерлердегі жұмыс істеп жатқан мекемелердің рұқсатын тексеру, өзеннің арналары тас алғаннан ойылып жатқандығы жөніндегі мәселелерін жеткізді.

Қабылдау барысында аудан әкімі Ержігіт Шәріпбекұлы әрбір тұрғынның жеке мәселесін мұқият тыңдап, заңнама аясында түсініктеме берді. Зерделеу жұмыстарын жүргізіп, орындалуға тиісті бірқатар мәселелерді шешу үшін сала бойынша орынбасарлары мен тиісті бөлім, мекеме басшыларына және ауылдық округ әкімдеріне нақты тапсырмалар жүктеді. 

Естеріңізде болса, былтыр халыққа арнаған Жолдауында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев:

-«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» – бұл, шын мәнісінде, «Әділетті мем¬лекет» құру тұжырымдамасы. Азамат¬тардың мәселелерін тыңдап, көріп қана қою жеткіліксіз. Ең бастысы – дұрыс жә¬не әділ шешім шығару қажет,-деп атап өткен болатын. 


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Азық-түлік бағасын назарда
  • Мүгедек жандар жарысады
  • «TEN QOGAM» тең мүмкіндік беруде
  • Энергия үнемдегіш шамдар орнатылуда.
  • Полицейлер түнгі уақытта жүрген 90 жасөспірімді анықтады