Сайрамда 40 гектардан астам жерге жылыжай өнімдері егілді

Сайрам ауданында 41,7 гектар жылыжайлар аумағына қияр, қызанақ, баялды, болгар бұрышы, лимон егілді. Сондай-ақ, аулалар мен көшелерді көріктендіру мақсатындағы гүл көшеттері де жылыжайларда өніп жатыр. Аудан әкімі Ұласбек Сәдібеков Қарасу ауылдық округіндегі 30 адамды жұмыспен қамтып отырған «Нар-Ата» шаруа қожалығында болды. Аталған жылыжай 2020 жылдың қазан айында өз жұмысын бастаған. Қожалық басшысы Е.Элдарбек егіншілік жайын айтып, сол маңда инфрақұрылым жүйесін жақсарту туралы өтінішін жеткізді. Аудан әкімі тиісті шешімдер қабылданатынын мәлімдеді.

image.png

Ал, Қайнарбұлақтағы «Ляйсан» шаруа қожалығы тамшылатып суғару әдісімен Польша мен Голландиядан әкелінген таңқурай мен құлпынай сорттарын өсіре бастады. Биыл жеміс 15 гектар аумаққа егілді.

Карантин режимі болса да өңірде шаруашылық тоқтаған жоқ. Мысалы, бірінші жартыжылдықта ауыл шаруашылығында 30 млрд. теңгенің өнімі өндірілді.

Көктемгі егіс жұмыстарының өз мерзімінде жүргізілуі нәтижесінде, былтырғы жылға қарағанда 1 жарым млрд.теңгеге артық өнім алынды. Облыс көлемінде ауданымыздың үлесі 14%-ды құрап, 2 орынға тұрақтады.

2021 жылы ауыл шаруашылығы өнімінің көлемін 100 млрд.теңгеге жеткізу межеленуде. Жалпы бұл бағыттағы жұмыстар өңірде жалғасын тауып келеді.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Азық-түлік бағасын назарда
  • Мүгедек жандар жарысады
  • «TEN QOGAM» тең мүмкіндік беруде
  • Энергия үнемдегіш шамдар орнатылуда.
  • Полицейлер түнгі уақытта жүрген 90 жасөспірімді анықтады