Сайрам ауданында тойхана спорт нысанына айналды

Түркістан облысында карантин кезінде бұрын тойхана бизнесімен айналасатын кәсіпкерлер арасында істерін жаңа бағытқа бұрғандар артты. Сайрам ауданындағы жергілікті кәсіпкері Өмірхан Оразымбетов үшін де бизнестегі бағытын өзгертуге пандемия сеп болды.

image.png

Өткен жылы тойхана салған бизнесменнің жаңа ғимараты бүкіл әлемді жайлаған пандемияға байланысты жиын-той өткізуге шектеулер қойылған соң, бос тұрған. Қазір «Достық» спорт мектебінде 200 бала спорттың бес түрі бойынша тегін жаттығады. Мұнда таэквондо, дзюдо, самбо, каратэ және гимнастика үйірмелері жұмыс істейді. Сегіз білікті бапкер балаларды спортқа баулиды. Спорт залдың іші заман талабына сай жасақталған. Екінші қабатында ересектерге арналған залы жұмыс істейді.

Сайрам ауданының спорт бөлімі мамандарының мәліметінше, салауатты өмір салтын ұстанатын ауыл жастары бос уақытын осында өткізеді.

Жалпы Сайрам ауданында бір жылдың ішінде тойхана, кеңсе және мейрамхананың орнына 3 кітапхана ашылып, нысандар кітапхана үлгісімен қайта жабдықталды. Яғни ауданның кәсіпкерлері білім саласына көңіл бөліп, пандемия басталғалы жұмысы тоқтаған тойханадардың бағытын басқа салаға бұрып жатыр.

Бұдан бөлек, Қарамұрт ауылдық округіндегі ашылған кітапхана жеке кәсіпкер Бахадыр Азимбайұлының тартуы. Бұрын мейрамхана болған ғимаратта бүгінде оқырманға барлық жағдай жасалған. Мәдени ошақтың тұсаукесер рәсіміне аудан басшылы мен «Nur Otan» партиясы Сайрам аудандық филиалының басшылары бастаған ел ағалары қатысты.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Азық-түлік бағасын назарда
  • Мүгедек жандар жарысады
  • «TEN QOGAM» тең мүмкіндік беруде
  • Энергия үнемдегіш шамдар орнатылуда.
  • Полицейлер түнгі уақытта жүрген 90 жасөспірімді анықтады