Түркістанда жан жадыратар жаңалықтар көп

Түркістан қаласының аумағындағы жасыл аумақтарға су жүйесі жүргізіліп, тұрақты түрде суарылып жатыр. Жасыл желектерді күнделікті суару үшін қала аумағына гидранттық жүйе жүргізілген. Бүгінде 32 секторда үш кезеңмен жұмыс жүргізіліп, 1600 га жерге 60 мыңнан астам көшет егілген. Қалада сенбіліктер өткізу, тұрғындардың экологиялық сауаттылығын арттыру бағытындағы іс-шаралар дәстүрге айналған. Сектор жұмысына жауапы азаматтың бірі, Отырар ауданы Талапты ауыл округі әкімі аппаратының қызметкері Дәурен Партаев Түркістанды түлетуге үлес қосып жүргеніне қуанышты.

image.png

- «Облыс әкімі Өмірзақ Естайұлының тапсырмасы бойынша, Отырар ауданы әкімдігі жауапты сектордағы Құлыншақ ақын көшесінің тазалық, көріктендіру, көгалдандыру жұмыстарымен айналасып жатырмыз. Керемет өзгерістерді көрдік. Қаланың болашағы жарқын», – дейді отаншыл азамат.

«Жасыл белдеуге» тағы да барып, бақылаудан өткізген Өмірзақ Естайұлы егілген көшеттердің уақтылы суғарылуына аса мән берілуі керектігін, сонда ғана іс нәтиже беретінін айтты. Ұрпақ үшін пайдалы бұл бастама үздіксіз жүзеге асырыла беретінін жеткізіп, азаматтарға жұмысты жанашырлықпен, сергектікпен атқаруды тапсырды.

Шаһардағы жағымды өзгерістерді Түркістан қаласының тұрғыны Әшім Алдабергенов жоғары бағалайды.

- «Бұрынғыға қарағанда бұл жерде көп өзгеріс болып жатыр. Көгалдандыру, тазалық, абаттандыру жұмыстары өте жақсы. Облыс болғалы осындай жақсылықтарға куә болудамыз. Бұрын бұл «Жасыл белдеу» мен жаңа шағынауданның орны дала-тұғын. Даланы көркейтіп, жағдай жасап жатқан үкіметке рахмет», – дейді тұрғын. Түркістанның тумасы, қала париоты Баян Бұлдырықова «Қазір туристер де көп келіп жатыр. Оның бәрі адамды қуантады. Мемлекет басшылығына, әкімшілікке ризашылығымды білдіремін. Қазір қалада мәдениет жоғарылап келеді. Көгалдандыру, абаттандыру жұмыстары арқылы Түркістанның экологиясы жақсара түсетініне сенімдімін», – дейді.

Айта кетейік, биыл ҚР Үкіметі Түркістан облысын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарын мақұлдады. Түркістан қаласын дамытудың 1-кезеңі аяқталып, негізгі әлеуметтік инфрақұрылымы қаланды. 123 нысанның құрылысы аяқталды. Түркістан қаласын дамытудың ІІ кезеңі аясында 109 жоба іске асырылады. Бұл мақсатқа 1,3 трлн теңге инвестиция бағытталады. Бұл қолдау мен жоспарлар Түркістанды Орта Азиядағы ең көрікті шаһарлардың біріне айналдыруға серпін беретіні сөзсіз.

Әсіресе, абаттандыру, көгалдандыру жұмыстары қарқынды. Жан жадыратар жаңалықтар мен көз қуантатын өзгерістерді ел қазірдің өзінде сезіп-біліп отыр. Түркістанды дамыту бағытындағы жұмыстар жалғаса береді.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкентте мал азығын дайындауда гидропоника әдісі қолданылады
  • 2025 жылы қала тұрғындары 100 пайыз электр қуатымен қамтылады
  • Қоймалардың қауқары мықты
  • Ақпарат алмасу үшін ытымақтасты
  • Үш жақты келісім - отбасы тыныштығы