Ескірген тұрғын үйлер жаңартылуда

Screenshot_27.png

Үшінші мегаполис атына заты сай қала. Яғни көркі жарасқан, дамыған, заманауи шаһарға айналып келеді. Сол себепті қала орталығындағы ескі үйлер қаланың сәнін бұзбауы қажет. Осы ретте  Шымкент қаласында биыл коммуналдық тұрғын үй қорындағы 10 көпқабатты тұрғын үйге ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілмек. Олардың қатарында Нұрсат шағын ауданында орналасқан №134А, 134Б, 135А, 135Б, 135В, 212, 216, 14 және Желтоқсан көшесіндегі  №19, 19А үйлер бар. Жөндеу жұмыстары барысында бұл үйлердің шатыры ауыстырылып, қасбеті жаңартылмақ. Бұл бастамаға тұрғындар ерекше қуануда. Олар жаңарған үйлер қала ажарын ашады деп сенеді әрі қауіпсіздікті қамтамасыз етпек.   

Қазіргі таңда жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін бюджеттен қаражат бөлініп, мемлекеттік сатып алу конкурстары жарияланды дейді сала мамандары. Мердігер мекеме анықталған жағдайда жөндеу жұмыстары жыл соңына дейін аяқталады деп жоспарлануда. Жөндеу жұмыстары аяқталған соң ескірген үйлер заамауни келбетке ие болмақ. 

Айта кету керек, ағымдағы жөндеу – ғимараттар мен инженерлік жабдықтардың бөліктерін мерзімінен бұрын тозудан жүйелі және уақтылы қорғауға бағытталған бұзылудың алдын алу және ұсақ зақымданулар мен ақауларды жою жолымен жасалатын техникалық іс-шаралар кешенінен тұрады.  


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Ескірген тұрғын үйлер жаңартылуда
  • Жаңа нысандар пайдалануға берілді
  • Ресейлік ғалым «Әзірет Сұлтан» қорық-музейіне viii ғасырға тән түргеш тиындарын табыстады
  • Шардаралық шаруалар 33 мың тонна мақта жинады
  • Бірлікте жаңа спорт алаңшасы ашылады