Көшелер жарықтандырылып, аулалар абаттандырылуда

Screenshot_28.png

Әл-Фараби ауданының аумағында жалпы 404 көшенің 109-ы жарықтандырылған. Жарықтандырылу көрсеткіші 26 пайызды құрап отыр. Ал 295 көше және 7 аула жарықтандыруды қажет етеді. 

Биылғы мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасына сәйкес 8 айда аудандағы 8 көше жарықтандырылды. Олар: Жабай ата, Жұлдыз, Тәжібай ата, Баянауыл, Көктөбе, Дәулетұлы, Ақжайық ш/а Ақжелең және Жабаев көшедері.

Жыл соңына дейін тағы 14 нысанда құрылыс жұмыстары аяқталады. Атап айтқанда, Промышленная-Есил көшелері, Керуен Бам ш/а, Хаят, Сапақ датқа, Суриков көшесі Суворовтан Темір жол өткеліне дейін, Шәймерденов, Айбергеновтен Республика даңғ.дейін ішкі орам көшесі, Диваев, төменгі Отырардың ішкі орамдық көшелері, Жастық көшесі Жансүгіровтен Володарскийге дейін, Ақмешіт, Абай және Қырыққыз көшесі Тұрсынбаевтан 195 орамға дейін жарықтандырылады. 

Нәтижесінде жыл соңында Әл-фараби ауданындағы жарықтандырылған көшелер 31,9% құрайтын болады. 

Сондай-ақ қалада аулаларды абаттандыру бойынша жұмыстар жүргізілуде, соның ішінде орамішілік ауалалар жөнделіп, балалар алаңдары қайта жасақталады.  Қала әкімінің қала аумағындағы инфрақұрылым жүйелерін дамыту жөніндегі тапсырмасына сәйкес, Қаратау ауданында аулаларды абаттандыру жұмысы қарқын алған.

Атап айтқанда, Асар шағынауданында  №14, 16, 18, 20, 22, 24 көпқабатты үйдің ауласын абаттандыру  жұмыстары атқарылып отыр. Құрылысты жүргізетін «Пример Строй» мердігер мекемесі.

Бұл жұмыстар аудан әкімі аппаратының мамандары тарапынан күнделікті бақылауға алынған. Сонымен қатар,  аудандағы ойын алаңшасын қайта жасақтау жұмысы жалғасын әрмен  қарай жалғасын табады. 


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Ескірген тұрғын үйлер жаңартылуда
  • Көшелер жарықтандырылып, аулалар абаттандырылуда
  • Жаңа нысандар пайдалануға берілді
  • Ресейлік ғалым «Әзірет Сұлтан» қорық-музейіне viii ғасырға тән түргеш тиындарын табыстады
  • Шардаралық шаруалар 33 мың тонна мақта жинады