БІЗ БІРГЕМІЗ!

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев еліміздегі қалыптасқан төтенше жағдайға байланысты: «Қалаларымыздың негізгі көшелерінде маскалар азаматтарға тегін таратылуы тиіс» деп айтқан  болатын.  

ebf312e0-3d59-4f7d-b4c7-b32e01e41922.jpgОсы ұсынысты  қолдайтын компаниялардың бірі «Mega Pharma»  ЖШС-нің демеушілігімен Шымкент қаласының жалынды жастары #БізБіргеміз акциясы аясында коронавируске қарсы күресу және қорғану бағытында қала тұрғындарына 20000-ға жуық тегін медициналық бетперделер (маска) үлестірді. Акцияға «Шымкент қаласы Кәсіподақтар орталығы» аумақтық бірлестігі жанындағы «Келешек» жастар кеңесінің мүшелері, Әл-Фараби ауданы әкімдігінің және Жастар ресурстық орталығының қызметкерлері, ерікті жастар қатысты. Іс-шара барысында жастар қаламыздың адамдар көп шоғырланатын жерлерде, автотұрақтарда, қоғамдық көліктерде, саябақтарда, сондай-ақ, полиция бөлімшелерінде маскілер таратты. 

46b55968-f887-49cb-be2e-b95c45d49e03.jpg

Өз кезегінде, «Келешек» жастар кеңесінің мүшелері мұнымен тоқтап қалмай, «Шымкент қаласы Кәсіподақтар орталығы» аумақтық бірлестігінің» қызметкерлерін және орталыққа келушілерді маскімен толық қамтамасыз етіп, келушілерге қауіпті індеттен қорғану жөнінде ақпарат беріп, сақтану жолдарын түсіндірді.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Жалғыз әлем, жалғыз жүрек, жалғыз үй
  • Биыл 270 млн адам азық-түлік тапшылығын сезінеді – Тоқаев
  • Шымкентте аптасына үш күн азық-түлік жәрмеңкесі өтеді
  • Шағын және орта кәсіпорындардан 8 айда 222,1 млрд теңгелік өнім
  • Шымкентте діни конфессия өкілдері арасында спартакиада басталды