Қайырымдылық – қадірлі іс

Screenshot_1.jpg

«SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы республикалық қоғамдық бірлестігі Атқару комитетінінің 3 сәуірдегі №62 қаулысына сәйкес, салалық кәсіподақтың Шымкент филиалына 1 миллион теңге көлемінде қаржы бөлінген болатын. Осы орайда салалық кәсіподақ төтенше жағдай кезінде 3 бірдей медицина мекемесіне қаржылай қолдау көрсетті. Филиал төрағасы Ерқозы Батырбеков алдымен, Шымкент қалалық №2 көпсалалы ауруханасына 200 000 теңге, "ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталыққа" 300 000 теңге, сондай-ақ, қалалық Жедел жәрдем станциясына 200 000 теңгелік сертификат табыстады. Аталған қаржыға медицина мекемелері коронавирусқа қарсы күресте бетперде мен санитарлық-тазалық құралдарын және т.с.с. керектеріне жарата алады. Бұдан бөлек, алдағы уақытта 300 000 теңгеге медицина қызметкерлері азық-түлікпен қамтамасыз етілмек. «Жылуы жоқ үйден без, қайырымы жоқ биден без», – дегендей қайырымдылық, адамгершілікті биік ұстап, кісілікті ту етіп, көкірегі қаяулы, жаны жаралы жанның жасын сүртіп, жылы лебізін аямай, қолдан келген жәрдемін ұсынып, достық пейілін танытқан «SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Сапарбек Серікұлы Дүйсеновке шын жүректен алғыс айтамыз.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Жалғыз әлем, жалғыз жүрек, жалғыз үй
  • Биыл 270 млн адам азық-түлік тапшылығын сезінеді – Тоқаев
  • Шымкентте аптасына үш күн азық-түлік жәрмеңкесі өтеді
  • Шағын және орта кәсіпорындардан 8 айда 222,1 млрд теңгелік өнім
  • Шымкентте діни конфессия өкілдері арасында спартакиада басталды